8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Тамыз 2019 2086 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛ. ҚАТАРЫМЫЗҒА ҚОСЫЛ!

            «Zhasproject» жобасы облысымызда  алғаш рет қоғамның әлсіз топтарын жұмысқа тарту ,көмек көрсету шағын кәсіпкерлікті бастауға жол ашу. Жастар корпусын дамытуға арналған жобаның облысымызда 200-ден астам жастар жеңімпаз атанды. Осы орайда «Балаларға базарлық» тегін үйірмелер жобасы арнайы іріктеуден өтіп, 1 000 000 теңге ұтып алдық. Негізгі мақсат – облыстық отбасы үлгісіндегі және балалар үйі мен бөбектер үйіндегі балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу. Сонымен қатар аталған орталықтарда және аз қамтылған көп балалы отбасыларға тегін қойылымдар қою.

Біздің жоба қатысушылары Қанапиянов Мерей Жұмагелдіұлы – студент, Жанан Жансая – студент өздерінің бос уақыттарында аптасына 2-3 сағаттан шаралардың ұйымдастырылуына уақыттарын бөліп отырады, сәйкесінше оларға ай сайынғы шәкіртақылары төленеді. Бұл – жастық күш-жігерін қайырымдылыққа жұмылдырып жүрген жастардың алғашқы еңбекке деген қадамдардың бірі болып табылады.

Осы орайда Оралдағы өнерлі жастармен бірлесіп, облыстық ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған орталықта үйірмелерді шілде айынан бастадық. М.Өметімов атындағы БҚМУ мен  Құрманғазы  саз колледжінің студенттері «Жас актер» ,«Жас әнші», әр түрлі аспаптарда ойнау бойынша аптасына 2 сағаттан балалармен тегін сабақтар өткізуде. Гранттың  жоба қаржысына үйірмеге қажетті аспаптар мен қойылымдарға арналған мультфильм кейіпкерлерінің киімдері сатып алынды. Енді балалар түрлі тақырыптарда қызықты қойылымдарды тегін тамашалап отырады.

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап біздер жобаның ауқымын кеңейтіп қаладағы коворкинг орталықтарында үйірме жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл өнер саласында оқып жатқан студенттердің теория мен практиканы ұштастыруға үлкен мүмкіндік болса,ал бойында өнердің шырағы жағылған балалардың өрісін кеңійтіп, үлкен сахналарға шығуға мүмкіндіктер жасау болып табылып отыр.

Осы орайда барша Ақжайық жастарына «Егер сенің бойыңда өнерің болса, бос уақытыңды тиімді өткізу керек болса» біздің қатарымызға келіп қосыл дегім келеді.

Ерлік  Шамғали, «Балаларға базарлық Орал» тегін үйірмелер жобасының көшбасшысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»