ҚАЙЫРШЫЛЫҚТЫ КӘСІП ҚЫЛҒАНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
Бүгін оралдағы «Орталық базар» аумағы тексерілді.

9-16 қараша аралығында республика аумағында «Қайыршылық» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 12 қарашада Орал қ.ПБ және Абай ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылығы мен инспекторлары бірлесіп, рейдке шықты. Бұл күні мектеп инспекторлары қала орталығындағы «Орталық базар» аумағын, «Театральный», «Азиза», «Акбар», «Орал парк» сауда үйі маңайларын бір сүзіп өтті. Бұндағы мақсат қайыршылықты кәсіп қылып қол жайған тұлғаларды анықтау, жасөспірімдерді табу еді. Кешенді тексеріс барысында қол жайған 2 тұлға анықталып, инспекторлар түсінік жұмыстарын жүргізді. 9-11 қараша аралығында Орал қ.ПБ ЖПҚб ювеналды полиция тобында тіркелген мәліметтерге сүйенсек, 8 базар, 2 көше жолының жүру бөлігі, 1 әуежай, 1 автобекет, 5 сауда үйі тексерілді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 бабына сай 44 жасөспірімнің қол жайып, қайыр сұрағаны анықталды. Осы кодекстің 127-бабына сай, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 4 заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Кешенді тексерістер қаланың әр ықшам ауданында жалғасады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу