8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2019 2223 0
Қоғам

АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР БАСТАҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУР 22 ҚАЛАНЫ ҚАМТИДЫ

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық турына арналған баспасөз-конференциясында айтылды.

Баспасөз-конференциясына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, айтыскер-ақындар Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов қатысты.

Республикалық тур 25 сәуір Талдықорған қаласында басталып, кештер легі Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз – бас-аяғы 22 қалада жалғасын табады деп жоспарлануда.

Бұл ауқымды жобаның ең басты мақсаты – қазақ халқының арасында, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде айтысты кеңінен бағыштау. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басымдықтар қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Ал соның ішінде айтыс өнері ерекше орын алады.

«Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады. Жиырма екі қалада орын алатын ғаламат ән мен жырдың шеруі шоу элементтерін қамтиды. Демек, жиынның, той-томалақтың деңгейінен айтыс ауқымды аудиторияның қабылдауына лайық толыққанды мәдени шара ретінде көтеріледі.

Әр қалада еліміздің белгілі ақын айтыскерлері – Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғаков өнерлерін көрсетеді.

Сонымен қатар Республикалық турдың аясында 1 мамыр күні Алматы қаласында, AlmatyArena мұз айдынында айтыскер ақын Балғынбек Имаш, өнер жолының жиырма бес жылдығына арналған мерекелік концерті өтеді.

Дереккөз: BAQ.KZ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»