8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2019 2474 0
Қоғам

ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ФАБРИКА

Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де жеңіл өнеркәсіптің маңызы зор. Өйткені ел экономикасының өрге басуында, халықтың әл-ауқатын арттыруда бұл саланың орны бөлек.  Әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық маңызы зор бұл саланы қолдауға басымдық берілгені жөн. Мәселен, биылғы жылдың ақпан айында жұмысын бастаған қаладағы «Ягуар» тігін фабрикасынан 20 шақты қыз-келіншек жұмыс тауып үлгерген. Дені орта және орта жастан асқандар. Сондай-ақ басым бөлігі есту-сөйлеу қабілетінен айырылған мүмкіндігі шектеулі жандар.

 

 

«Жасыл елдің» киімдері жаңа үлгіде

Берік Әбілқасов бұл фабриканы екінші мәрте ашып, қайта жандандыруда. Өзі бұрын құқық қорғау саласында қызмет еткен екен. Жолдасы да полиция қызметкері болған. Қазіргі уақытта жас шаңырақ иелері отбасылық кәсіптерін дөңгелетуге бел буып кіріскен.

– Полиция қызметінен кеткеннен кейін жеке күзет фирмасында бес жыл басшылық еттім. 2015 жылы өз ісімді бастауға шешім қабылдадым. Әрине, басқа салалар бойынша кәсіп ашуға болар еді. Менің тігін ісіне қызығушылығым жоғары болды. Сондықтан фабрика ашуды қолға алдым. Бірақ, тапсырыстың болмауына байланысты бір жыл ғана жұмыс жасап, шарасыздықтан істі тоқтаттық, – дейді Берік Сәбитұлы.

Фабриканың қажетіне алынған құрал-жабдықтарды кері сатып, жұмысшыларын да таратып жіберді. Алайда, отбасының болашақтағы нәсібін осы саладан ғана көретінін түсініп, араға үш жыл салған соң фабрика жұмысын алғашқы сатыдан қайта бастауға бекінді. 20 млн. теңге шамасында жинағын құйып, көршілес Ресейден құрал-жабдықтарын алып келді. Бұрын өзінің қарауында жасаған тігіншілерге хабарласты. Алғашқыда сүрінгеніне қарамастан, тігінші апалары да оның өтінішін жерге қалдырмай, қайта түлеген фабрикаға оралды. Осындай сенім білдіргендері үшін Беріктің тігіншілеріне ризалығы шексіз. Әрі сенгендері үшін қандай қиындық болмасын бұл істі енді тоқтатпауға бекініп отыр.

Бойына қан жүгірген фабриканың бүгінгі күйі тым тәуір. Алғашқы күннен-ақ жеке кәсіпорындардан арнаулы киімдер үшін тапсырыс алды. Қазіргі уақытта фабрика тігіншілері мемлекеттік тапсырыс негізінде жаңа үлгімен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарына киім тігуде.

–  Бірнеше үлгісін дайындап, комиссия қарауына ұсынғанбыз. Бізден басқа 4-5 компания өздерінің үлгілерін әкелді. Соның ішінен біздің жасаған үлгімізді таңдап, бекітті. 800 дана киім жинақтамасын бір ай ішінде дайындап тапсыруымыз керек. Бұған мүмкіндігіміз жетеді, – деді ол.

Ягуарлықтар бұған дейін «Металл Инвест», «Юнисерв», «Агрореммаш», «Алаугаз», «Нефтебаза» сынды мекеме-ұйымдардың жұмысшыларына киім тігіп берген. Енді жұмысшылардың арнаулы киімдерімен қатар оқушылардың мектеп формасына тапсырыс қабылдайды. Сондай-ақ матрац, төсек орын жаймаларын да дайындайды.

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2019 жылдың 20 маусымдағы №24 санында. 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
190 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
229 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
393 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
585 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
827 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
906 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1014 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1021 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1047 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1058 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1161 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1381 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1699 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1581 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1690 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1681 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1811 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1856 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1800 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1810 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»