8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қыркүйек 2020 1503 0
Спорт

«ҚАЙРАТТЫ» ЖЕҢУГЕ ҮМІТТІМІЗ

«Ақжайық» футбол клубы нұрсұлтандық СДЮСШОР командасының қақпасынан саңылау тауып, екінші таймда 1 – 0 есебімен ұтты. Ендігі қарсылас Алматының «Қайрат» командасы. 

Ел біріншілігінде өнер көрсетуші жергілікті «Ақжайық» футбол клубының спортшылары эпидемилогиялық ахуалға байланысты бүгінгі күні Алматы қаласында қарсыластарымен кездесу ойындарын өткізуде. Яғни жоспарланған ойындардың барлығы да Алатау бөктерінде жанкүйерлерсіз оздырылуда. Алғашқы матч он алтыншы қыркүйекте ұйымдастырылған болса, екінші кездесу «Жетісу» командасының ойыншыларымен өтті. Бұл ойында қос команданың ұпайлары тең түсіп, есеп ешкімнің пайдасына шешілмепті. «Ақжайық» ФК бас бапкері Артур Авакянцтың айтуынша, ендігі қарсылас Алматының «Қайрат» командасы. Кезекті матч қыркүйектің жиырма бесінде өтеді деп жоспарланып отыр. Жерлестеріміздің кезекті ойынға дайындығы тыңғылықты деңгейде, жеңістен де дәмелі көрінеді. Ал команда капитаны Омаров Бауыржанның мәліметінше, «Ақжайық» ФК осы кезеңдегі басты қарсыласы атыраулық футболшылар көрінеді.

Айта кеткен жөн жерлес команда мүшелерінде легионерлер азайған. Бүгінгі таңда «Ақжайық» ФК қоржынында төрт ұпай бар. Ойын жыл соңына дейін жалғасатын болады. Ал қай қалада кезекті турдың ұйымдастырылатына әлі де белгісіз. Мұндай шешімді эпидемиологиялық жағдайға байданысты санитар дәрігерлер шығаратын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
116 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
171 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
239 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
269 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
314 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»