Айнагүл МҰҚАНОВА, БҚО, Қаратөбе ауданы, Б.Аманшин атындағы орта мектептің жоғары санатты ұстазы: «АБАЙ ЕСІМІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМЕН БІРГЕ ЖАСАЙДЫ»
Ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуына да Абайдың рөлі ерекше. Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Бұл еңбек – ұлы ойшыл Абайдың мол мұрасын бүкіл жұртқа паш етудің, кемеңгердің 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өтудің кілті деп білемін.

Бұл туралы Тоқаев тұжырымы тіпті тамаша: «Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге ұмтылдыруы тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз. Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай елдің қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйінген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақтың қай ісіне күйініп еді? Сол күйінген ісінен жирене алдық па? Басқасын былай қойғанда, ақын айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ойдың төңірегінде толғансақ та талай жайға қаныға аламыз. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық». Ұлы Абайдың көп өлеңдері сыншыл болғанымен, ақын ұлтын сынап емес, халқының дұрыс жолға түскенін қалағанын түсіну қиын емес. Ақын болмысы қай жағынан да үлгі етуге тұрарлық. Әдебиет әлеміне әкелген жаңалықтарының өзі бір төбе. Ақын өзі «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп жырлағандай, Абай есімі қазақ халқымен бірге жасай берері сөзсіз. Оған дәлел республика көлемінде әртүрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуы деп білеміз. Бұл бағытта мақаланың маған ерекше ұнаған тұсы, Абайдың тұлғалық, өнегелік болмысына көбірек ден қою бар. Мемлекет басшысы ретінде Абай ұсынған «кемел адамның» жүйесін қазіргі қоғаммен қалай қабыстырамыз, жас ұрпақтың бойына қалай сіңіреміз, Тәуелсіз мемлекетімізді жаһандық өркениетке жетелеуде Абай жаңашылдығын іс жүзінде қалай қолданамыз, қайтсек ұлы тұлғаны әлемге танытып, сол арқылы ұлтымыздың мәртебесін көтере аламыз деген алаңдаушылық басымырақ көрініс береді. Абайдың басты ұлылығы оның көркем сөзді кемеліне келтірген сұңғыла суреткерлігінде, өзі «өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп ардақтаған поэзиясының ғажайып қуатында, айтарының бәрін айшықтап жеткізетін дара зергерлігінде. Оның әлемдік әдебиеттің небір үздік үлгілерін төл тілімізге төгілтіп түсірген асқан аудармашылығы да, өз сөзін жан-жүрекке жақынырақ жеткізудің жолын тапқан керемет композиторлығы да алдырмас асу, бөлекше биіктік. Халқымыз мұны жақсы біледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу