8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2019 2330 0
Қоғам

ҚАДЫР ОРТАЛЫҒЫ МАУСЫМАШАРДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН БАСТАДЫ

 «Қадыр жолымен» жобасы аясындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының үшінші маусымы ашылды. Ақынның атындағы өнер орталығы кезекті маусымашарды қайырымдылықпен бастады.

Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына орай ашылған орталықтың ашылғанына биыл төрт жыл. Орталық апта сайын әдеби-сазды кештердің өтуіне ұйытқы болып келеді. «Ауыл ардақтылары», «Елеулі есімдер», Жұмадағы жүздесу» сынды түрлі жобалар қолға алынды. Жайықтың ақын жазушыларының әдебиет мұражайы және ақынның мемориалдық кабинеті жабдықталды. Бүгінде ақынның жеке кітапханасынан 6767 кітап және оның тұтынған заттары осында  қойылған.

Осыдан екі жыл бұрын орталық директоры Бауыржан Халиолланың бастамасымен  Қадыр Мырза Әлидің есімін ұлықтау, әдебиет пен қоғамға сіңірген еңбегін дәріптеу мақсатымен «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы құрылды. Осы уақыт ішінде өнерпаздар облысымыздың аудан-ауылдарында, көршілес Атырау, Ақтау қалалары мен оңтүстіктегі Алматы және бас қала Астана төрінде де концерт беріп, Қадыр шығармашылығын құрметтейтін көрерменнің ықыласына бөленді.

Биыл үшінші жыл қатарынан жалғаспақ. Облыс аудандарынан бөлек тағы да басқа өңірлерге өнер сапарлары жоспарлануда. Ал кезекті маусымашарда  ақын өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Жас өрендер ақынға арнаған жырларын оқыды. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері, ғибратты әңгімелері, қағытпа қалжыңдары мен ұлы тулға туралы естеліктер айтылды.

    

– Бұл жоба 100 пайыз Қадыр ақынның шығармашылығын  насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ көпшілікке бейтаныс таланттарды халыққа таныту – біздің мақсатымыз. Қадыр ақынның өлеңі де, өмірі де өлмейтінін қалың жұртшылық мойындады. Сондықтан біз Қыдыр ақынмен мақтанамыз. Жазып кеткен мол мұрасын өзімізге бойтұмардай сақтап келеміз. Орталықта атқарылған жұмыстармен өңір жұртшылығы жақсы таныс. Биыл да жаңа жобалармен толығады. Өнерлі отбасыларды таныстыру мақсатындағы «Жұлдызды жұп» жобасын қолға алмақпыз. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектулі жандардың қаһармандық істерін паш ету де біздің басты назарымызда болады, – дейді Бауыржан Ергенұлы.

Орталық директоры айтып өткендей, кейбір он екі мүшесі сау адамдардың жасай алмаған істерін жасап отырған мүгедек жандар қоғамда жетерлік. Бірінші топ мүгедегі Біржан Қожақов та солардың бірі. Ол – қазақы нақышпен бұйымдар жасап шығарып, өзі сынды мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отырған азамат. Өкінішке орай, жуырда ғана оның жалға алып отырған ғимаратына көлігінің рөліне ие бола алмай қалған жүргізуші түйіп кірген. Осы сәтті «пайдаланып үлгергендер» техникалық бұйымдарды да қолды қылған.  Ісін жалғастыруы үшін енді Б.Қожақовқа жомарт жандардың көмегі қажет. Сол себепті рухани шаралардың ұйтқысы болып жүрген орталық маусымашар концертінде арнайы қайырымдылық жәшігін қойып, көрермендерден жиналған қаражатты Біржан Морякұлына табыс етті.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
293 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
553 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
793 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
828 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
983 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1177 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1412 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1496 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1607 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1615 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1644 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1650 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1753 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1972 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2282 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»