8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2019 5454 0
Қоғам

«АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ»

          «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде студент жастардың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Парасат» мектебі құрылды. Бүгін «Парасат» мектебінің алғашқы «Адалдық сағаты» ғылыми-білім кешенінің Студенттер сарайында өтті. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев, ардагер-ұстаз, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшесі Асқар Акишев, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

Шараны ҚазИТЖУ ректоры, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшесі Әліби Баяхов жүргізді. Алдымен жиналғандар қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатындағы бейнероликті тамашалады.

Жиынды ашқан «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалы төрағасы Ақсерік Әйтімов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының өңірдегі филиалдарының бірегей отырысы    әділдікті, адалдықты насихаттайтынын атап өтті.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша,  жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Осы орайда «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен өтіп жатқан «Адалдық сағатының» маңызы ерекше.

– Отанымыздың негізін қалаушы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әрбір Жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап отырды. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, өңіріміздің барлық жоғары оқу орындарында, мемлекеттік органдарда және әртүрлі еңбек ұжымдарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтіп жатыр. Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған Агенттік ұстанымы жастар үшін маңызды бастама. Адалдық сабағында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау маңызды. Жалпы, бұл қасиетті ұғымдар қазақ болмысына жат емес. Қазақ қоғамында қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелерінің әділдігі, Отанға және отбасыға деген адалдық, жаратушыға деген сенім халқымыздың осы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарымен қамтамасыз етілді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларына еніп кеткен бұл індеттің алдын алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Олар «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы. Аталған заңнамаларда сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күрес ғана емес, оның алғышарттарын жоюға бағытталған шаралар көзделген. Тікелей Президентке бағынатын жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет етуде. Жалпы, еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағыттында жасалып жатқан пәрменді шараларды Халықаралық ұйымдар жоғары бағалап отыр. Мәселен, «Транспаренси Интернэшнл» рейтингінде Қазақстан 31 ұпай жинап, жемқорлықтың төменгі деңгейі аймағына кірді. Бұл Қазақстанның рейтингте болған барлық уақытындағы ең жоғары көрсеткіш. Біз осы арқылы көршілес Ресей, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан жоғары болып отырмыз.  Жалпы мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму бағытында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аудару маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 21 тамызда өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде жоғары оқу орындарында студенттер сессияны жабу, жатақханадан орын алу үшін пара беретіндігін жеткізіп, білімді ақшаға сатып алатын жастардың болашағы толғандыратынын айтып өтті. Білім саласында орын алған келеңсіздіктерді анықтау мақсатында Елбасы жоғары оқу орындарында тексеріс жүргізіп, нәтижелерін қауіпсіздік кеңесінде қарауды тапсырды, – деді Рустам Сапарбекұлы.

Департамент басшысының сөзіне сүйенсек,  күні бүгінде Агенттік бастамасымен білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар жүйелі жұмыстар жасалуда екен. Еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған. Бұл клубтардың негізгі мақсаты – жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Біздің өңіріміздің өзінде ғана 5 мыңнан аса мүшелерді қамтитын 303 мектеп клубы бар Бұған қоса, барлық жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылған. Осы жобаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. Білім беру ұйымдарының ашықтығы, академиялық адалдық, студенттер мен ұстаздар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бүгінгі күннің басты міндеті саналады.  Қазіргі таңда өңіріміздегі екі жоғары оқу орнында «Саналы ұрпақ» кеңселері ашылған. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің жұмыс бағыттарының бірі – ол сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау мақсатында студенттер арасында сауалнама жүргізу. Сауалнаманың нәтижелері білім ұйымдарының басшыларымен ескеріліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар қабылданады.  Осындай «Адалдық сағаттары» дәстүрлі түрде өткізіліп, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру үшін жыл бойы жалғасатын болады.

ҚазИТЖУ-нің ЖОО-дан кейінгі білім беру және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі Талғат Рахметовтың айтуынша, дәл осындай «Адалдық сағаты» барлық оқу орындарында бір мезетте өткізілуде. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы үшін мұндай шаралар өте қажет. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қоғам дертімен күрес басталды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында еңбірінші Қазақстан «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылдады. Осы Заңның шығуына 20 жыл толуына орай университетте кеңейтілген дөңгелек үстел өткен. Бүгінде теміржол билеттері құнының шектен тыс шарықтауы, мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйлер сапасы, бағасы қатаң бақылауда болуы қажет. Заң шеңберінде қазіргі таңда қарауындағы қызметкерлер жемқорлық әрекеттеріне жол берсе басшылары да жауапқа тартылуы керектігі туралы жаңа тапсырмалар берілуде. Осы мақсатта студенттерді жемқорлықсыз жаңа өмірге дайындау мақсатында «Парасат» мектебі жоспарлы жұмыстарды бастамақ.

 

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА   

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
73 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
339 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
598 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
837 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
874 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1027 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1221 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1456 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1541 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1651 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1659 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1689 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1694 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1798 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2019 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2326 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»