8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Шілде 2020 2022 0
Қоғам

 «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» өткізіліп келеді.

Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты және мамыр айында бірінші рет онлайн форматта өткізілген «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағатының» оң тәжірибесін ескере отырып, жалпы республикалық акцияны ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі екендігі белгілі.

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деген атаққа ие болған данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Сол себепті, шілде айындағы «Адалдық сағатының» тақырыбы ұлы ойшыл, ғұлама бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай, «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп анықталып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді. Бейне-дәрістедің сілтемелері облыстағы мекемелерге таратылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. («Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3&t=0s   «Час добропорядочности» на тему «Аль-Фараби и добродетельное общество»  https://www.youtube.com/watch?v=kE9_jN-SbA8&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg&index=3&t=0s)

Аталған бейне-дәрістерде Әл-Фарабидің өз шығармаларында, оның ішінде «Қайрымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы айтылған ойлары мен өскелең ұрпаққа қалдырған мұралары туралы айтылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»