«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОЛДЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДА
3 маусым күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау мүшелері, партияның қалалық филиалының бірінші орынбасары К.Нұршинов, Орал қаласының мәслихатының хатшысы А.Үмбетқалиев және бастауыш партия ұйымдарының басшылары, қоғам белсендісі А.Мусилов облыс орталығының Ә.Молдағұлова көшесі жолдарының жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Мониторинг кешкі 17.00-де басталды, алайда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырған ешкім жоқ. Бірақ, қайта салу үшін жолдың қатты бетін (асфальт) қайта алынғандары сол күйінде жатыр.
Жалпы көшенің күрделі жөндеу жұмысы 2019 жылы басталды. Сапасыз болуына байланысты, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» аясында жолдың беткі қатты бетін (асфалтын) қайта жасау туралы ұсыныс беріліп, жөндеу жұмыстарын жалғастыру 2020 жылға қалдырылды.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдарын, бордюрлердің сапасыздығы, су ағу жиектерінің дұрыс жасалмауы, аулаларға кіреберістердің дұрыс салынбауы және тағы басқа олқылықтар анықталды.
Бұл мәселе облыстық арнайы мониторингтік тобы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірнеше мәрте көтерілді. Жауапты тұлғалардың жауапсыздығынан көше тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері зардап шегуде.
Осыған байланысты, мердігер компаниялар, тапсырыс берушілер және қадағалаушы органдар өз жұмыстарын адал атқарулары тиіс.

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу