8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2021 1635 0
Қоғам

АБАЙДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін – Абай күні. Ұлы тұлғаның туған күніне орай Оралда рухани шаралар ұйымдастырылды. Орталық алаңдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қалалықтар қазақтың бас ақынының рухына тағзым етті.

10 тамыз  – халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туған күні. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елімізде 10 тамыз – Абай күні  болып ресми түрде бекітілді. Бұл күн – қоғамдық сананы жаңғыртатын, тұтас ел, ұлт болып дамуымызға серпін беретін зор мәнге ие. Абай ескерткіші алдында ұйымдастырылған «Әлем таныған ұлы Абай» атты танымдық шарада педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев Абай күнінің  маңыздылығын атап өтті.

– Дау жоқ, бүгінгі күн қазақ қауымы үшін шын мәнінде бірегей ұлықты күн. Абайды құрметтеу, Абайға тағзым ету – шын мәнінде Абайдың күллі қағидаларына, барша мұрасына бас ию, Абай аманатына сенімді көзқараспен қарау деген сөз. Шын мәнінде Абай әлемдік рухани өркениеттің алыбы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Абай – жаңа Қазақстанның бренді, Абай қазақ ұлтын әлемге танытушы тұлға. Абайдың мұраларын меңгеру, игеру арқылы жаңа ұрпақты баулырымыз сөзсіз. Осы қағидадан ауытқымауымыз керек. Абайдың шәкірті Шәкәрім ғұлама «Халқым, ойыңды түзе, сөзіңе айналады. Сөзіңді түзе, ісіңе айалады. Ісіңді түзе, дағдыңа айналады. Дағдыңды түзе, мінезіңе айналады. Мінезің сенің – тағдырың» деген болатын. Абайдың мұрасын меңгерейік, ойымыз у болмағай, сөзіміз су болмағай, үмітіміз бу болмағай, – деді Абат Сатыбайұлы.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, ақын, өлкетанушы, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері Талап Таймасұлы бастап, кітапханашылар мен орталық алаңға жиналғандар Абай ескерткішіне тағзым жасады.

Үрмелі аспаптар оркестрі мен скрипкашылар ансамблінің орындауында «Өзгеге көңілім тоярсың» әніне жазылған фантазия орындалды. Жас өрендер Абайдың даналық ойлары жазылған тақтатастар жанында хакімнің өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ  «Абай – дана, Абай – дара қазақта» кітап көрмесі қойылып, көпшілікке Абай мұрасы насихатталды.

Кешке қалалық мәдениет және демалыс саябағында Ұлы Абай мұрасына арналған «Абай – ақын, Абай – сазгер» әдеби-сазды кеші өтеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
148 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
115 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
387 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
574 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
572 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1012 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1082 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1098 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1117 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1143 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1510 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1635 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1664 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1941 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1952 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2080 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2372 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»