8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2020 2001 0
Қоғам

АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА

       Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан, ақын, композитор, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекеттік және халықаралық  көлемде  іс-шаралар, ақын мұрасын дәріптеу кеңінен  таралуда.  Осы орайда, Теректі колледжі ұжымы «Абай – дана, Абай – дара  қазақта» тақырыбында челлендж ұйымдастырды. 

Колледж кітапханасында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»  атты  кітап көрмесі  жасақталып,  оқушыларға  Абай  шығармаларының  рухани  байлығы ұғындырды. Подстепный ауылының «Жігер» коворкинг орталығында Абай  әндерін түсініп,  сезімталдыққа  өнерді  сүюге, тәрбиелеу мақсатында  «Абай  салған әндер-ай»  атты  дөңгелек  үстел оздырылды.

Абай  шығармаларын  оқыту  арқылы,  оның  қазақ  әдебиетімен  мен  мәдениетінде  алар орнын  ұғындырумен  ерекше  өнерін  бойына  сіңіру,  студенттердің мәнерлеп  оқу қабілеттерін  арттыру  үш  тілде  Абай  шығармаларын  насихаттау  мақсатында  «Асыл  сөзді  іздесең,  Абайды  оқы  ерінбе»  атты  іс-шара  өткізілді. Қазақ  тілі  мен әдебиет  пәндерінің  жоғарғы  санатты  оқытушысы  И.М.Баймулдина  «Абайдың  табиғат  лирикасы»  тақырыбында  ашық  сабақ  өткізді.

«Білім Лэнд»  білім  беру  платформасын  қолдана  отырып,  данышпан  дара ойшыл Абайдың  өлеңдеріндегі  әлеуметтік  қоғамдық  мәселелерін  қозғады,  өздерінің  ой-пікірлерімен  бөлісті.

ҚР Президенті  Қасым Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың «Абай  және XXI  ғасырдағы  Қазақстан»  атты  мақаласы  талқыланып,  дөңгелек  үстел  өтті. Студенттерге  Абай  сөзінің  бүгінгі  заманымыз  үшін  көкейтестілігі,  ақын  шығармаларынан  халқымыз  қандай  тағылым  алуға  тиіс екендіміз  жөнінде  Президентіміз  ой  бөліскісі келгенін  ұғындырылды.

Бүгінде  дүниежүзін  жайлаған  індетке  қарсы түру үшін  әлем  бірігіп  әрекет  етуде. «Біреудің  кісісі өлсе,  қаралы  ол, қаза  көрген жүрегі  жаралы  ол»   деп  хакім  Абай  дәл  бүгінгі  күнге  айтқандай,  «Қайран  елім, қазағым…»  деп  жанайқайымен  жырлай  жүріп,  ұлы  ақын  қазақ  алдындағы  барлық  парызын  орындап  кетті.

Ендеше  бір  ғасыр  бұрын  айтылған  өнер  мен   кәсіп  үйренуді  байлықтың  кілтіне  ұлттық  қуатына  балаған  ұлы  ойшылдың  баға  жетпес  мұрасын  жете  сезінейік.

 

 

                                                                     К.МУШАГАЛИЕВА,

Теректі колледжінің кітапханашысы

                                                                    

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»