8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2019 1767 0
Спорт

«Ақжайықта» жергілікті ойыншылар көбейеді

«Ақжайық» футбол клубы келер жылы жас футболшылардың деңгейін арттыру, екінші құрама ашу жоспарын қойып отыр. Сондай-ақ Премьер лигаға қайта оралу да футбол клубының басты мақсаттарының бірі. 10 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңғында өткен брифингте клуб директоры Азамат Шайхы өткен маусымның қорытындысы туралы айтып, алдағы жылдың мақсат-міндеттерімен бөлісті.

 

2019 жылы «Ақжайық» футбол клубы үшін 652 321 мың теңге қаржы бөлінген. Негізгі құрама командаға бұл қаржының 462 млн. теңгесі жұмсалған. Яғни, бұл ойыншылардың жалақысы мен оқу-жаттығу жиыны, іс сапар шығындары, экипировка, дәрі-дәрмек тағы да басқа қажетті заттарға бөлінген қаржы. Ал футбол орталығына 154  млн. теңге беріліп отыр.

Жалпы бюджеттен бөлінген қаржының 71 пайызы негізгі құрамаға, 24 пайызы футбол орталығына және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарға 6 пайыз қаражат жұмсалады екен. Футбол клубының директоры «ақжайықтық» футболшылардың жақсы ойыншы екенін дегенмен, премьер лигаға шығу үшін жақсы ойыншылардың қатарын толықтыру қажеттігін айтады. Ал оған қаржы мүмкіндік бермей тұр.

Әзірге орталықтағы жас ойыншыларды қатарын көбейтуге назар аударылуда. Қазір футбол орталығында 800-ге жуық балғын тұрақты жаттығып келеді. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштен әлдеқайда көп. Клуб басшылығының да, жанкүйрелердің  де бар үміті – осы жас аяқдопшылар. Сондай-ақ биыл клуб жанынан қыздар командасы ашылды. Олар алғашқы ойыннан-ақ үздік сегіздіктің қатарына еніп, финалға шыққанын атап өту керек.

– Биыл футбол орталықтары мен академиялар арасындағы ойындарда аяқдопшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. 2001 жылғы балалар – қола медаль және 2007 жылғы балалар – күміс медаль алды. 2019 жылы бірінші рет ұйымдастырылған футбол орталықтары мен академиялар арасындағы Қазақстан біріншілігі Кубогында 2001 жылғы өрендер күміс медаль иеленді. Футбол орталығы тек Орал қаласында ғана емес, Бөрлі, Ақжайық, Сырым, Қаратөбе және Теректі аудандарында да жұмыс жасауда. Бұл бес ауданда жалпы саны 95 бала жаттығады. Балалар футболын дамыту мұнымен тоқтамайды. Өңірдің барлық ауданында орталық филиалын ашу көзделіп отыр, – дейді Азамат Ерболұлы

Биылғы жылға бекітілген даму бағдарламасына сәйкес клубтың екі бас демеушісі «InvestGlobalServices» және «BANEM» комапаниялары «Ақжайық» стадионында жасанды газон ауыстыру жұмысын бастады. Ал жабық футбол манежінің құрылысы келесі жылға қалып отыр.

Кәсіпқой клубтың басты бағдары жергілікті жастарды негізгі құрамға дайындау. Былтыр негізгі құрамның 28 пайызын жерілікті ойыншылар құраған болса, енді 49 пайызға жетіп отыр. 40 пайызы еліміздің басқа өңірлерінен, 11 пайызы легионер болмақ.

– Үш легионер бар. Олар – Украина, Хорватия, Бразилиядан келген футболшылар. Алдағы уақытта жергілікті ойыншыларға мүмкіндік берсек дейміз. Әзірге келер жылдың бюджеті бекітілген жоқ. Сондықтан ойыншылардың өзгеруі, қосымша легионер туралы нақты айта алмаймыз, – деді Азамат Ерболұлы.

Клуб директоры «Ақжайықтың» бюджетіне байланысты ашық айтуға дайын екенін айтқанымен, ойыншылардың жалақысы жасалған келісімшартқа байланысты жария етілмейтінін мәлім етті.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
116 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
230 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
480 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
738 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
977 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1011 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1164 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1360 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1591 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1679 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1789 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1797 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1828 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1830 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1935 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2154 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»