АҚ ЖАЙЫҚТАҒЫ ҮШІНШІ «АЛАШ»
Бүгін Алматы қаласындағы көркем әдебиет өкілдерінің қара шаңырағына айналған Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде Әдеби жыл қорытындысы жиыны өтіп, бір топ қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің қолынан халықаралық «Алаш» сыйлығын алды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Алаш» сыйлығын иеленгендер қатарында жерлесіміз, ҚР Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Мира Шүйіншәлиева бар. Жайық әдебиетінің мерейін тасытқан «Алаш» сыйлығының жаңа иегерін облыс басшысы Алтай Көлгінов ұялы телефонмен батысқазақстандықтар атынан арнайы құттықтап, Ақ Жайықтан Алатауға ыстық сәлемін жолдады. Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев, Жайықтағы қаламгерлердің атынан ҚР Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Ақұштап Бақтыгереева құттықтауын жеткізді.




Мира Хамзақызы – өңіріміздегі ақын-жазушылардан «Алаш» халықаралық сыйлығын иеленіп отырған үшінші қаламгер. 1992 жылдан бастап берілген сыйлықты Батыс Қазақстан облысынан бірінші болып, 2001 жылы «Тұман ішіндегі көш» романы үшін Мұқадес Есламғалиұлы алған екен. Жайықтың Ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерееваға 2008 жылы беріліпті. Содан міне, араға 11 жыл салып, бұл «Алаш» сыйлығы Батыс Қазақстан өңірінен прозаик Мира Хамзақызына табысталып отыр.
– Өте қуаныштымын. Алғаш рет 1984 жылы анам Базарғаным Шүкірқызы өмірден өткенде «Сағыныш» атты тырнақ алды новеллам жарияланған болатын. Сол кезде бәрі маған «жазушы боласың» деп батасын берген еді. Сол уақыттан бері жүрегімнен, қаламымнан туған туындыларымның, шығармаларымның еленгені деп есептеймін. Қоғам бар жерде әдебиет жасай береді. Әдебиеттің үні қаламгерлердің арқасында ғасырдан-ғасырға жетеді. Биылғы «Алаш» сыйлығын алғандардың көбісі үлкен ақын-жазушылар, жастар аз екен. Мен – солардың бірімін. Өйткені, мүйізі қарағайдай Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Қажығали Мұхамбетқалиев, Әнес Сарай сынды қаламгерлердің жанында біз балапан баламыз. Бір жылдың ішінде аз кітап шықпайды. Соның ішінде сүзгіден өтіп үздіктерінің қатарынан табылу – үлкен жетістік,– деп марапат иесі алғашқы әсерімен телефон арқылы бөлісті.
Айта кетейік, әдеби жыл қорытындысы жиынында өткен жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, 2018 жылы шыққан көркем шығармалар талқыланды. Баяндамалардың толық мәтіні «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланады.



Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу