8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2025 1566 0
Руханият

Ақ Жайықта Қадыр тойы басталды

Бүгін, 19-қыркүйек күні Ақ Жайық өңірі, Орал қаласында Қазақтың Қадыры атанған ұлт мақтанышы, дана әрі дара ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай, «Дәуір дарабозы» атты өнер шарасы басталды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов аяулы ақын Қадыр Мырза Әлінің асыл жары, Алматыдан арнайы келген мейман Салтанат апамызды гүл шоқтарымен қарсы алып, шараның ашылу рәсіміне қатысты.
Алдымен Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлінің ескерткішіне тағзым етілді.
Шарада өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева құттықтау сөз сөйлеп, әдебиет пен поэзияға өмірін арнап, мол мұра қалдырған Қадыр ақын туралы ой толғады.
Қарымды қаламгердің 90 жылдығына Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, баспагер Мереке Құлкенов пен танымал журналист, зерттеуші Қайнар Олжай, Қадыр Мырза Әлінің отбасы, жерлесіміз-кәсіпкер Құндыз Нупов бастаған қонақтар келді.
Ауқымды іс – шара бүгін Оралда, ертең Жымпиты ауылында жалғасады.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»