АҚЫН ҒАЙСАҒАЛИ СЕЙТАҚТЫҢ КЕШІ ӨТТІ
Қадыр орталығында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Ғайсағали Сейтақтың «Отаным, Орда, Оралым» атты шығармашылық кеші өтті.

Арыны бөлек, дарыны даусыз ақынға БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев Алғыс хат табыстап, биылғы 60 мерейжасымен жырсүйер қауымның атынан құттықтады. Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Мүтиев, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Сабыр, Қазақ тілі қоғамы БҚО филиалының төрағасы Б.Жексенғалиевтер ақын шығармашылығының маңыздылығына тоқталса, ақын-ұстаз Д.Мұштанова Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын А.Шахин үзеңгілес достарына үкілеп алып келген жырларын оқыды. Ал ақын З.Сейсенғали өз тілегінен бөлек Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшиннің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

Кеш барысында Нарынның нар ұлының сөзіне жазылған «Әнші жарының аманаты», «Анаға хат», «Жайықта Шарабасов біреу ғана», «Желтоқсан қырандары», «Жайнай бер, Тасқала», «Астана» т.б. әндері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ. Қожақов «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова бастаған Т.Жауымбаев, Р.Кереев, Р.Хафизов, А.Дәулетқалиев, А.Ажғалиева, С.Изделеев, Қ. Сағидоллин, Н.Айтуған секілді әншілердің орындауында шырқалды.
Әдеби кештің мазмұны ақынның өз өлеңдерін оқуымен айшықталды. Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері Ә. Аманжолов, А. Бақиев, Е.Қалижан және аталмыш оқу орнының түлегі О. Меңдіқұловтар ақын ағаларына арнаған өлеңдерін оқып, ел көңілінен шықты.

Шара соңында Ғайсағали Самиғоллаұлы жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, алпыс жылдық мерейтойының қорытындысы іспеттес осы кешті ұйымдастырған Қадыр орталығы ұжымына «Қасиет қонған қара жер» атты жаңа жыр жинағын қолтаңбасымен тарту етті.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу