АҚЫН АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ақын Ақұштап Бақтыгереева мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды.
Елбасы Н.Назарбаев қол қойған 28 қарашадағы №794 Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке, «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін авторлар ұжымына – Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға, «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін авторлар ұжымына – Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке, «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға, «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа берілді.
Жайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереева – «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. 2005 жылы Құрмет орденінің иегері 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2017 жылы Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілген еді.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу