8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2019 2145 0
Қоғам

АҚСАЙДА ҚҰРБАН АЙТТА 200 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Құрбан айт мерекесі – Алла разылығына жетелейтін ізгі амалдар мен мол сауаптар жасау науқаны. Бұл күндері көптеген игі шаралар атқарылып, адамдар бір-бірін зияраттап, айтпен құттықтайды. Өзара ренжіскендер татуласып, көңілдегі кірбіңдер кетеді. Сөйтіп елдің ынтымағы артып, құт-береке орнайды.

Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.

Соған орай биыл Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтті. Бөрлі ауданы әкімдігі тарапынан құрбан шалуға рұқсат етілген орындарда айт күндері құрбандық рәсімдері орындалды. Жалпы есепте, 300-ден астам қой сойылып, әлеуметтік аз қамтылған 200 отбасыға ет үлестірілді.

Айта кетейік, құрбан айт күндері мешіт жамағаты арасында спорттық шараларда ұйымдастырылды.

 

Үміт Ізтелеу, Бөрлі ауданы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»