8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2019 1841 0
Қоғам

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

  Таяуда ғана ел аманатын арқалап, жаңа қызметіне кіріскен шаһар басшысы Абат Шыныбеков бүгін  көпті көрген қазыналы қариялардың өтініш-тілектерін тыңдап, ақ батасын алды.

– Әр қазақ баласы жаңа қадам жасар алдында үлкендердің ақ батасын алған. Сондықтан бүгін Орал қаласының ардагерлер кеңесі мүшелерімен етене әңгімелесіп, өтініш-тілектеріңізді тыңдайын деген ниетпен алғашқы кездесуімді өздеріңізден бастауды жөн көрдім. Сіздер қай-қай саланың да майталманы болдыңыздар. Еліміздің, өңіріміздің көркеюіне өлшеусіз еңбек сіңірдіңіздер. Әрбіріңіздің еңбек жолдарыңыз бүгінгі жастарға үлгі. Зейнетке шықсаңыздар да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келесіздер. Әрдайым сіздерге арқа сүйейміз, – деген қала басшысы ашық әңгіме барысында ақсақалдардың батасын алып, базынасын тыңдады. Жүздесу барысында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева аға буын өкілдерінің қаланың өсіп-өркендеуі жолында атқарған игі жұмыстарына тоқталды.   – Қазіргі таңда кеңес құрамында 33 ардагер болса, оның 13-і Президиум мүшесі, 8-і тұрақты комиссия, 12-сі бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағасы. Бүгінде Орал қаласында 46 250  зейнеткер тіркелген.  Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – 60, тыл еңбеккері – 4650. Ардагерлер жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ерекше үлес қосып келеді. Осы мақсатта қалада барлық қолайлы жағдай жасалған. Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл ардагерлері қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес білім ұяларында тәрбие сағаттарына қатысады. Ардагерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен заңдық құқықтық қорғалуына ықпал ету, мектептер мен оқу орындарындағы жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесін жақсарту, ата-аналар комитеті мен ауылдардағы ақсақалдар кеңестерінің жұмысын жандандыру сияқты өзекті, өміршең істер болып табылып келеді. Шаһардағы бірде-бір саяси, экономикалық, мәдени-көпшілік, әлеуметтік, халықтық, мемлекеттік ірілі-ұсақты шаралар ардагерлердің белсенді қатысуынсыз өтпейді. Қариялардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Ардагерлер» клубы жұмыс жасайды. Бұл жерде ардагерлер шахмат, дойбы ойындарын ойнап, жерлестерімен бекітілген кестеге сай кездесулер ұйымдастырады, – дейді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Басқосуда ардагер Әленғали Керейтегі 2020 жылы – Қазақстанның халық жазушысы, ірі эпик ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толатынын тілге тиек етіп, Зашаған кентіне Жұбанның есімі берілсе, ақынға ескерткіш тақта орнатылса деген ұсынысын жеткізді. Ал ардагер Қозыкеш Омаров облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп, қариялардың денсаулығын жақсарту бағытында жасалған жұмыстарды тізбектеп, медициналық қызметтің осал тұстарын да айтып өтті.

Ақ дастархан басында емен-жарқын әңгімелескен ардагерлер жылышырайлы кездесу ұйымдастырған шаһар басшысына алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
196 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
359 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
394 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
665 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
678 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
804 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1110 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1201 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1225 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1437 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1709 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1931 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1971 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2117 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2316 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»