8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2023 2865 0
Мәдениет

Ақмаржанға тағзым жасады


Осы дүйсенбіде Жастар мәдениет сарайында ҚР Журналистер одағының мүшесі, ұстаз, елге танымал ақын Ақмаржан Таубаеваны еске алуға арналған «Ән-Маржан» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Аталмыш кешті ақынның інісі Қайыржан Таубаев ұйымдастырды. Поэзия кешінде Ақмаржан Таубаеваның Ж. Досмұхамедов атындағы педколледжде қызмет атқарғаны, сондай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы, ұстаз, басшы Шалқыма Құрманалинамен әріптес болғаны айтылды. Осы орайда Ақмаржанның жақсы көретін Шалқыма апайына арнаған, Жаскелең Ғайсағалиев әнін жазған «Ақ шуақ» әнімен сахна шымылдығы ашылды.

Шарада Ақмаржан Таубаеваның өлеңіне жазылған басқада әндерді Майра Хайдарова, Расим Жұмағалиев, Мұрат Амирханов, Раушан Қуанышалиева, Аманбек Шайхин шарықтата шырқап, кештің шырайын келтірді. Ақынның «София сіңліме» өлеңінің кейіпкері,«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы«БҚО Пқбақ» филиалының директоры София Ізмұхамбетова да әріптесі туралы естелігімен ой бөлісті. Бауыры Қайыржан Таубаевқа ризашылығын білдіріп, Ақмаржандай ақынның шығармашылық мұрасы қазақтың рухани байлығымен бірге дами беретінін, оның есімі еш уақытта ұмытылмайтынын айтты.

Өз тілшіміз.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»