АҚ ХАЛАТТЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің мерекесі. Осыған орай бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен марапаттау рәсімінде бірқатар сала мамандарына ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен облыс әкімдігінің, медицина қызметкерлері кәсіподағы орталық кеңесінің мақтау қағаздары мен «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен «Еңбек ардагері» белгісін тапсырды.

Кәсіби мереке қарсаңындағы бүгінгі марапатқа тек өз ісін жетік меңгерген мамандар мен денсаулық саласына елеулі еңбек сіңірген жандар лайық деп табылды. Олардың басты мақсаты – адам денсаулығына қызмет ету және Гиппократ антына адал болу.
– Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы мемлекеттің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлттың – келешегі кемел. Адамзат үшін керекті екі мамандық иесі бар, соның бірі – дәрігер. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтаудағы адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Кез келген мемлекеттің басты қазынасы – адам. Ал адам байлығы – оның денсаулығы. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Облысымызда медицина саласында оң нәтиже бар. Тұрғындардың денсаулығы жақсарып, бала туу көрсеткіші артып келеді. Өткен жылды қорытындылаған рейтинг бойынша біздің облыстың көш бастағаны бұл сөзіме дәлел. Ардақты ақ халатты абзал жандар Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев халықтың денсаулығын сақтау мәселесі өзінің жеке бақылауында екенін атап өткен болатын. Медицина саласына мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілді және игілікті іс жалғасын табады, – деді салтанатты шарада сала мамандарын құттықтаған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.
Мерекелік шарада «Еңбек ардагері» белгісімен марапатталған тәжірибелі дәрігер Марат Ақашаевтың еңбек өтілі 62 жылды құрайды. – Жасым –82-де. 62 жылдың алғашқы 23 жылында Ақжайық ауданында, «Ақжайық» шипажайында бас дәрігер қызметін атқардым. Мамандығым бойынша терапевт-кардиологпын. 1985 жылы «Ақжайық» шипажайының алғашқы директоры болдым, осы жерден зейнетке шықтым. Зейнетке шыққаннан кейін де шақыртумен 20 жыл осы шипажайда директордың емдеу жұмыстары бойынша орынбасары міндетін атқардым. 2017 жылы 80-ге толған шағымда жұмыстан біржола қол үздім. Бірақ «Мұз айдыны» сарайына спорт дәрігері болуға ұсыныс жасап, қазір спортқа тартылған балалардың денсаулығына жауаптымын. Ел үшін атқарған еңбегім дер уақытында еленіп келеді, марапаттарым жетерлік, – дейді Марат Сәрсенғалиұлы.
Мерекелік шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасты.

















Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу