8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2019 1989 0
Өзек

АҚБӨКЕНДІ АТҚАН АЗАМАТҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

БҚО Жәнібек ауданы прокуратурасы заңсыз қару қолданып киікті ату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырып, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті.

 

Батыс Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сүйенсек, 2019 жылғы 23 маусымда Ақоба ауылының тұрғыны азамат А. «Адабай» су бөгетіне велосипедпен барып, «ИЖ-54» аңшылық қаруымен су ішуге келген 3 аталық және 1 аналық киікті атып алып, мемлекетке 14 млн. теңге көлемінде зиян келтірген.

Дегенмен, зерттеу кезінде қылмыстық істің ақтайтын негіздермен тоқтатылғаны анықталды. Аудан прокуроры тергеушінің қаулысын бұзып, істі сотқа жолдады. Аудандық соттың 2019 жылғы 13 желтоқсандағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 339-бабымен (жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлері мен олардың дериваттарымен заңсыз айналысу) А кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және мемлекет пайдасына 14 млн. теңге өндірілді.

Айғақты заттар «ИЖ-54» қос ауызды 12 калибрлі аңшы мылтығы және 5 дана оқ-дәрілер тәркіленіп, жойылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»