А.ҚАЖҒАЛИЕВ: «АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР МАЗМҰНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛУДА»

– Мерекелік күнтізбелер тізіліміне енген Абай күні – рухани мереке. Ұлыдан ұлағат алуда ұлықталуы аса маңызды. Мемлекет басшысы жыл басталған кезде Ұлы ақынның мерейтойы кең көлемде атап өтілетінін айтқан еді. Өңірімізде де ауқымды шаралар жоспарланған. Десек те карантин жағдайына байланысты шаралардың форматы өзгеріп, әлеуметтік желілерді мазмұнды қолдануға тырыстық. Соның бірі – Абай шығармаларын насихаттаудағы челлендж болатын. Бұл челлендждің ауқымы да кеңейіп, үлкенді-кішілі белсенділік танытқанына баршамыз куә болдық. Абай шығармаларын дәріптеуді жалғастыруды маған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Ерболатұлы тапсырған еді. Абайдың «Жаз» термесін домбырамен орындап, облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Мәулет Өтемісұлына, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Салтанат Мақсотқызына және облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Бижанұлына шақыру тастадым. Әріптестерім жолдаманы қабыл алып, үн қосты.
Біздің ұжым да ақынның өлеңдері мен әндерін насихаттауға үлес қосуда. Жуырда ғана шығармашылық кеш өткіздік. Концерт «ТДК-42» телеарнасынан берілуде. Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің youtube арнасынан тамашалауға болады.
Асхат ҚАЖҒАЛИЕВ, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу