АҒАШПЕН ҰРЫП…
30 маусымнан 1 шілдеге қараған түнгі сағат 04.30-да Орал қ.ПБ-на телефон шалынып, Шолохов көшесі бойындағы бір түнгі клубта бұзақылықтың орын алғаны турлы суыт хабарлама түсті.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы азиат нәсілді, бойы 165-175 см. болатын, орта дене бітімді, жасы 25-30 шамасындағы белгісіз тұлғаның 1992 жылғы азаматқа түрлі дене жарақаттарын келтіргенін анықтады. Шолохов көшесіндегі «Палладиум» сауда үйі қасындағы бір түнгі клубқа кіре беріс тұста белгісіз тұлға бұзақылыққа жол беріп, қолындағы ағашпен бейтаныс жігіттің басынан, аяғынан, арқа тұсынан бірнеше рет ұрған. Қатты соққыдан қалжыраған жәбірленуші осы төңіректегі «Бином» жанар-жағар май бекетіне барып, төңіректегілерден көмек сұраған, жедел жәрдемге хабарласуларын өтініп, жерге құлаған. Көп кешіпей жедел жәрдем көлігі де келіп, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен соң, жәбірленуші қалалық көп бейінді ауруханаға жатқызылды. Оны осы халге түсірген 1988 жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын, Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі күні Орал қаласында тұрып жатыр екен.
Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің 293 баптың 2 бөліміне сай (бұзақылық) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу