ШИРЕК ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ҚОЛТАҢБА
«Отделстрой» компаниясы мен оның жетекшісі Валентина Павловна Михно туралы естімеген адам кемде-кем шығар. Өңіріміздегі сәні мен келбеті келіскен зәулім-зәулім ғимараттарға қарап-ақ тәжірибелі құрылысшы, үш шақырылым қалалық мәслихат депутаты Валентина Павелқызының тындырымды тірлігін көруге болады. Байырғы құрылысшының өнегелі өміріне, қажырлы қызметтеріне қызығатын жерлестеріміздің де қарасы қалың. «Еңбек – әлемнің әміршісі» демекші, халыққа қалтқысыз қызмет етуді – басты мұрат еткен Валентина Михно ширек ғасырға жақын бұл болмысынан әлі күнге бірде-бір рет ауытқыған емес.

Кейіпкеріміз 45 жылдан бері басшылық ететін «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС жөндеу және қайта құру, қоғамдық, тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен құрылыс жұмыстарын белсенді жүзеге асырып, қарқынды дамып келе жатқан компания. Серіктестік өз тарихын 1974 жылы 1 шілдесінде бастаған. Осы жылдар бойы экономикадағы болып жатырған өзгерістерге қарамастан, кәсіпорын заман талабына сай және бәсекеге қабілетті. Өңіріміз құрылыс саласы бойынша алдыңғы қатардан орын алып отыр. Бүгінде 2000-нан аса құрылысшы осы компаниядан нәпақасын тауып жүр.
Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мәртебелі мамандық. Бұлай деуімізге әлемнің қай түкпіріне барсаңыз да құрылыс жұмыстарының бір сәтке де бәсеңдемейтіні, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адамзат игілігіне айналып жатқаны және құрылысшылардың қолынан шыққан, сан ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтпаған туынды- лар толықтай дәлел бола алады. Міне, осындай жауапкершілігі зор мамандықты меңгеріп, кәсіби тәжірибесін кейінгі буынға үйретуден жалықпаған Валентина Павелқызының құрылыс саласындағы еңбек өтілі 48 жыл болса, ұйымдастырушылық қабілеті айқындалған, жұмыстың көзін білетін құрылысшы ретінде табан аудармастан 45 жыл «Отделстрой» компаниясымен бірге.
«Әкемнің ізін жалғадым»
– Әкем Павел белгілі құрылысшы болды. Ал анам адал еңбек етудің үлгісін көрсете білген қарапайым аспазшы еді. Кішкентайымнан отбасылық дәстүрді, яғни әкемнің ізін жалғастыруды армандадым. Осы мақсатпен Орал құрылыс техникумын бітірсем, кейін Саратов политехникалық институтын тәмамдап, инженер-экономист дипломын алдым. Алғашқы еңбек жолымды «Тұрғынүйқұрылыс» компаниясында бастап, кейін осы кәсіпорын базасында құрылған «Отделстрой» ӨК-іне ауысып, осы жерде 45 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Алғашында компания әрлеу жұмыстарымен айналысты. Мен 1971 жылы ең бірінші жұмысымды осы жерде маляр болудан бастадым. Кейін бас есепші болсам, одан соң директорлыққа ұсынды. Ол кезде өзімізде қосалқы мердігерлердің көмегіне жүгінетінбіз. Қаладағы сан мыңдаған шаршы метрді құрайтын құрылыс нысандарында «отделстройлықтардың» қолтаңбасы бар. Көз алдымда өңіріміз көркейіп келеді. Құрылысшылардың бәрі де өз ісінің майталмандары. Кәсіби емес мамандардың құрылыс саласында еңбек ете алмайтыны түсінікті. Тіптен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы баспанаға қол жеткізгісі келетіндердің көбісі біздің компанияның тұрғызған үйлерін алуға тырысатындарын біліп, еңбегіміздің нәтижелі екеніне марқаямын, – деді тәжірибелі құрылысшы бізбен әңгімесінде.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Жалғасын «Жайық үні-Жизнь города» газетінің №30 санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
В ЗКО собрали 760 тонн мусора на 423 локациях за один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда

Кіру
Пікір үстеу