КӘСІП БАСТАҒАНДАР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Кәсіп бастауға ниеттенген өңір жастары әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға тегін қызметтер көрсетіп, өнімдерін тегін таратпақ. Бұл халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында мүмкін болып отыр. Күні кеше Орал қаласы аумағында жұмысын бастаған төрт әлеуметтік жобаның тұсауы кесілді.

Жастардың идеясы мықты, жоспары сақадай-сай болғанмен, қаржы қолбайлау болса, бизнес әлеміне еркін ену мүмкін емес. Ал «Zhas Project» жобасы идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап, жеңімпаздарға 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. Негізгі мақсаты – жастарды қоғамға тарту, сондай-ақ қоғам игілігі жолында пайдалы қызмет әдістеріне оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
– Байқау көктемде жарияланып, облыс бойынша 700-ден астам топтық жоба комиссия қарауына ұсынылды. Нәтижесінде 200-дей ерекше жоба таңдалды. Олардың 58-і облыс орталығында іске асырылуда. Жеңімпаздар алты ай бойы қала және ауданда тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қызметі мен өнімдерін тегін көрсетіп, тегін таратады. Әлеуметтік жоба болғандықтан, негізгі талап – осы. Тегін жасаған қызметтері үшін жарты жыл ішінде топ мүшелеріне 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді, – дейді төрт топтық жобаның менторы Аида Мектепқалиева.
Бастау алып отырған жобалардың бірі – «Абсолют» миниглинингтік компаниясы. Олар жұмсақ жиһазды, кілемдерді тазалау және үй-жайды дезинфекциялау қызметімен айналысатын болады. «Babymassage07» тобы тірек-қимыл аппарттары бұзылған балаларға тегін массаж жасап, «Bon bon’s» тобы кондитерлік өнімдер дайындаудан айына екі рет шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Айрықша жобалардың бірі – «Тегін сүт» жобасы. Оны төрт жас бірігіп бастаған.
– Әзірге бір бұзаулы сиыр және тасымал үшін қажетті ыдыстар мен малдың жем-шөбін алып, өнім таратуды бастадық. Алдағы уақытта тағы бір сиыр алуымыз керек. Малымыз Ветелки ауылында. Күнара сиырды сауып, Орал қаласы әкімдігінен алынған тізім бойынша 20-30 отбасыға сүт пен қаймақ жеткізудеміз. Болашақта 100 отбасыға дейін қамту жоспарлануда, – дейді жоба авторларының бірі Мирас Ғайнуллин. Ол болашақта осы кәсіппен айналысып, таза өнімді сату дүкенін ашуды мақсат етіп отыр.
Мирас сынды өрендер Zhas Project-тің жастардың бизнес алаңда бақ сынауына үлкен мүмкіндік сыйлайтынына сенеді. Болашақ кәсіпкерлер қызметтерін «Арба» және «Бәйтерек» қоғамдық бірлестіктеріне көрсетуден бастады. «Бәйтеректің» балғындарына массаж жасап, «Арбаның» аруларына тәтті дайындаудың қыр-сырын үйретті.
Қос қоғамдық бірлдестіктің төрайымы Гүлмира Батпақұлова мен Меруерт Санқаева және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев жастардың жаңа жобаларына сәттілік тіледі.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу