«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Астана күніне орай Орал қаласы әкімдігінде өткен салтанатты жиында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, бүгінде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамытуға үлес қосып жүрген соғыс ардагерлері мен Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтар «Орал қаласының құрметті азаматы» наградасымен марапатталды. Сондай-ақ жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғары көрсеткіштері үшін бірқатар қызметкерлер алғысхаттарға ие болды. Салтанатты жиынға қатысушыларды шаһар басшысы Мұрат Мұқаев айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

– Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы бүгінгі таңда бүкіл елді нық жетелеп, жаңа өзгерістердің қозғаушысы, қалыптасқан саяси орталығы бар, Қазақстанның басты брендіне айналды. Бұл қаланың қалыптасып, не бары 21 жыл ішінде халықаралық аренада беделінің артып, төрткүл дүниенің тамсанған мекеніне айналуы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының жемісі. Сарыарқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды іске асырып, сәулет өнерінің озық үлгісі қалыптасқан замануи мегополиске айналып отыр. Батыс пен Шығыс өркениетінің алтын көпірі атанған бас қаламызда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады. Елорда төрінде ЕҚЫҰ-ның саммиті, 7-ші қысқы Азиы ойындары, Ислам конференциясы ұйымының форуым, «Астана «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі – еліміздің әлемдік аренадағы елеулі оқиғасы болды. Сонымен қатар бас қаламыз – Нұр-Сұлтан ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Өңірімізде тұрғындардың жайлылығы мен қазіргі заманға сай қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында жасақталған Орал қаласының 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуының «Жасыл қала» бағдарламасы жоспарлы іске асырылуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Smart City тұжырымдамасымен 15 жоба іске қосылды. Барлық емханалар мен қызмет көрсету орталықтары, білім беру ордалары интернет желісімен толықтай қамтылып, атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі автоматтандырылған электрондық жүйеге көшірілді. Яғни біздің қаламыз да бір орында тұрмай қарқынды жетіліп, көркейіп келеді. Осындай жұмыстар қаланың даму деңгейінің жоғарылығын көрсетеді, – деген Мұрат Рахметұлы барлық өңірлер бас қалаға қарап бой түзеп, елордамен бірге гүлденіп келе жатқанын атап өтті.
Мерекелік жиында ҰОС кезінде батырлық көрсетіп, ерлік жасаған, ел азаматтарының жаңа буынын азаматтық пен патриоттыққа жетелеуде зор еңбек сіңірген ардақты ардагерлер Меңжан Әбдрахманов пен Вениамин Скаленкоға және Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін берген инновациялық қызметі мен заманауи озық технологияларды халық шаруашылығының барлық саласына енгізгені үшін Валерий Глоуховқа, экономканың қаржылық және өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал еткен инвестицияларды тартқаны үшін Сағын Құрмановқа, егеменді елдің тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға өңірдің саяси-әлеуметтік, мәдени және рухани дамуына және жергілікті мемлекеттік басқару саласына қосқан үлесі үшін Бәтес Исмағұловаға «Орал қаласының құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.
Сонымен қатар Елбасының атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысқаны үшін Орал қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының директоры Мағал Бекмағамбетов облыс басшысының, осы орталықтың мамандары Айша Аяшева, Айгүл Нигимова, Роза Жұбаева қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұдан бөлек қала әкімі Мұрат Мұқаев Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде ерікті ретінде көмек көрсеткен Гүлнұр Салауатоваға, жуырда су құбырының істен шығуына байланысты кәріз-сорғы стансасын қалпына келтіруде тәулік бойы еңбек еткен «Батыс су арнасы» ЖШС-ның бір топ жұмысшылары – Геннадий Ушаковқа, Серік Жанғалиевке, Ғаділше Мүтиевке, Айдынғали Қиясовқа ерекше алғысын білдірді.







Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу