8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Шілде 2019 3294 0
Өзек

АҒАШПЕН ҰРЫП…

 30 маусымнан 1 шілдеге қараған түнгі сағат 04.30-да Орал қ.ПБ-на  телефон шалынып, Шолохов көшесі бойындағы бір түнгі клубта бұзақылықтың орын алғаны турлы суыт хабарлама түсті.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы азиат нәсілді, бойы 165-175 см. болатын, орта дене бітімді, жасы 25-30 шамасындағы белгісіз тұлғаның 1992 жылғы азаматқа түрлі дене жарақаттарын келтіргенін анықтады. Шолохов көшесіндегі «Палладиум» сауда үйі қасындағы бір түнгі клубқа кіре беріс тұста белгісіз тұлға бұзақылыққа жол беріп, қолындағы ағашпен бейтаныс жігіттің басынан, аяғынан, арқа тұсынан бірнеше рет ұрған. Қатты соққыдан қалжыраған жәбірленуші осы төңіректегі «Бином» жанар-жағар май бекетіне барып, төңіректегілерден көмек сұраған, жедел жәрдемге хабарласуларын өтініп, жерге  құлаған. Көп кешіпей жедел жәрдем көлігі де келіп, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен соң, жәбірленуші қалалық көп бейінді ауруханаға жатқызылды. Оны осы халге түсірген 1988 жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын, Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі күні Орал қаласында тұрып жатыр екен.

Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің  293 баптың 2 бөліміне сай (бұзақылық) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»