8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2019 2609 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында өңір басшысы Ғали Есқалиевтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.

– Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елге қызмет ету – абыройлы міндет. Алаштың көрнекті қайраткері, үш арысымыздың бірі Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген екен. Әрбір мемлекеттің дамуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Өңіріміз кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары мамандармен танылып үлгерген болатын.  Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриотизмін арттыруға ықпал етері сөзсіз. Біз өңірімізде мемлекеттік қызметті тартымды әрі тұрақты ету жолында үш негізгі басымдықты анықтадық. Олар: меритократия қағидасының сақталуы, ашықтық пен жариялылықтың қамтылуы, көрсетілетін қызметтерді цифрландыру. Өңірімізде 4 мыңнан аса мемлекеттік қызметші бар. Меритократия қағидасына және ротацияға сәйкес соңғы екі жылда «Орталық – өңір», «Өңір – орталық» және «облыс – аудан», «аудан – облыс» жүйесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік органдардағы 100-ге жуық басшылық лауазымға осы қағидаттарға сай тағайындалды. Қызметі бойынша жоғарылаған азаматтардың 95 проценті жергілікті кадрлар.  Мемлекеттік саясатты қолдап, оны жүзеге асыру жолында еңбек етіп жатқан әрбір мемлекеттік қызметкердің үлесі зор.  Қажырлы еңбекті қажет ететін саладағы жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Мемлекеттік қызметші – билік пен халықты жалғайтын алтын көпір. Сондықтан да халыққа қызмет ету міндетімізді бар жауапкершілікпен жалғастыруға шақырамын. Барлығыңызға жаңа табыстар жолында дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақыт тілеймін, – деді өз сөзінде облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов еліміз Тәуелсіздік алған күннен бастап адамның, қоғамның, мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатында экономика, әлеуметтік сала мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. – Кезекті реформалардың нәтижесінде елімізде меритократия, тиімділік және қоғамда есеп берушілік қағидаттарына негізделген бірегей мемлекеттік қызмет моделі қалыптсты. Мемлекеттік қызметке қабылдау тек конкурстық негізде төменгі лауазымдардан басталады. Мансаптық ілгерілеу кәсіби және іскерлік қабілетіне қарай жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшінің бойында бастамашылық, коммуникативтілік, әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік сияқты қабілеттердің шоғырлануы – бүгінгі заманауи талап. Сол себепті озық халықаралық тәжірибенің негізінде іріктеу сатысына адамның жеке қабілеттерін анықтау әдісі енгізілді, –  деген  Болат Әлмұқанұлы мемлекеттік қызметшілерге жауапты қызметте сәттілік тіледі.

Шарада мемлекеттік қызмет ардагері Есберген Әжібаев кәсіби мереке иелеріне құттықтау лебізін білдірді.

– Сырым бабамыз билікке араласа бастағанда Малайсары биге барып, «Маған бата беріңіз» деген екен. Малайсары қартайып қалса керек. Сырымға «Саған үш-ақ сөз айтамын. Ұят. Обал. Борыш. Осы үш сөзді есіңе сақта» депті. Елдің алдында ұятқа қалмау керек. Борыш дегені – азаматтың ата-анасының, ел-халық алдындағы борышы. Адалдық – қазақтың генетикалық кодында бар ұғым. Ал обал дегені – әлсізге, жоқ-жітікке көмектесу дегені. Қазіргі мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар, бәріңізге сол Малайсары бабамыздың сөзін айтқым келеді. Сәттілік тілеймін! – деді Есберген Әжібаев.

Аталған мерекеге орай өңіріміздің бірқатар мемқызметкерлеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, облыс әкімінің алғысхаты, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақовтың атынан алғысхаттар табыс етілді. Жиын соңында жас мемлекеттік қызметкерлер  ант  қабылдады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
69 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
141 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
370 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1231 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1137 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2206 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2370 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2378 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2429 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2433 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2913 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2967 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2961 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3542 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3533 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3508 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3669 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»