8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2019 2513 0
Қоғам

АНАЛАРДЫҢ УӘЖІ

          Көпбалалы аналардың атынан келген бастамашы топ бүгін қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бастаған облыстық басқарма, қалалық бөлім басшыларымен кездесті. Еркін форматта жүргізілген жүздесуде әйел-аналар көкейдегі сауалдарын қойып, негізгі мәселелерін жеткізді. 

   

Қазіргі уақытта республика деңгейінде белсенділік танытып жүрген «Ақжүніс» аналар қоғамдық қозғалысының» өңіріміздегі мүшелерін бастап келген Айнұр Арыстанованың айтуынша, қоғам өңіріміздегі 300-ге жуық ананың басын біріктіріп отыр.  Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасы аналары бар.

– Осы уақытқа дейін қала әкімдігімен, бөлімдермен тығыз жұмыстанудамыз. Олардың алдына қойған мәселелеріміздің кейбірі шешілді. Бірақ, әлі де бірқатар жайттар шешімін таппай отыр,  – дейді Айнұр.

Кездесуде өңірдің әр ауданынан арнайы келген аналар да болды. Әрқайсысы сөз алып, ортақ мәселелерді қозғауға тырысты. Мәселен, Теректіден келген А.Нұржанованың айтуынша, өзге қалалар көпбалалы аналарға қоғамдық көліктерде тегін жол жүру жайын шешуде. Осы ретте өңірімізде аналарға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын жеңілдетсе деген ойын жеткізді. Сондай-ақ қолдарында мүгедектігін анықтайтын құжаттары бола тұра қоғамдық көліктердің қызметін тегін қолдана алмай отырғандар бар. Құжатты көрсеткенімен, кондукторлардың бірқатары оған назар салмай, ақша төлеуді талап ететін көрінеді.

– Компаниялар жолақысы тарифін 185 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Расында зерттеу  нәтижесі олардың жолаушылар тасымалын ұйымдастыру шығыны талап еткен тарифке сай келетінін көрсетті. Әйтсе де, халықтық қалтасына салмақ салмау үшін бағаны осы 80 теңгеде ұстаудың амалдары жасалды. 7 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін, 14 жасқа дейінгілер 50 пайыздық жеңілдікпен жүреді. Қазір қала бюджетінен  автобус парктеріне 191 млн. теңге төленуде. Әр түрлі санаттағы топтарды жеңілдікпен қамту үшін тасымалдаушылар 2 млрд. теңгеге дейін қаржы сұрап отыр, – деп түсіндірген қала әкімінің орынбасары  Бақытжан Хаберұлы олқылық орын алған маршруттар мен кондукторлар бойынша нақты деректердің ұсынылуы қажетін айтып, шара қолданылатынын жеткізді.

Сонымен қатар аналардың денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты сауалдары көп болды. Соның ішінде ем алу үшін порталға кезекке тұрудың ұзақ уақыт алатыны, жедел жәрдем қызметін жақсарту, ауылдық елдімекендерде білікті медицина мамандарының тапшылығын ортаға салып, бұл сұрақтардың әрқайсысына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдрахманова жеке-жеке жауап берді. Көпбалалы отбасы балаларының балабақшаға орналасуы, жалпы білім беру қорынан берілетін киім-кешектің сапасын көтеру, мектептердегі тамақтың ұйымдастырылуына қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Көпбалалы аналардың көкейтесті сауалдарын, негізгі мәселелерін анықтау мақсатында тоқсан сайын кездесу ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Эльмира НҰҒМАНОВА 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
28 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
122 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
344 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
831 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1209 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1121 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1568 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2183 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2350 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2356 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2408 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2410 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2038 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2891 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2945 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2940 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3551 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3522 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3510 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3487 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3648 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»