8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2019 1316 0
Өзек

АЛАҚАН ЖАЙҒАНДАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМА!

Елімізде ауру балаларды емдеуге арналған есепшоттар арқылы пайда табуды көздеген алаяқтар көбейіп кеткен. Олардың дені осы күнге дейін Алматы, Нұр-сұлтан, Ақтөбе қалаларында кездессе, енді батыс өңірде де қылаң бере бастаған.

Мәселен, алаяқтар әлеуметтік желілер арқылы науқас балалардың ата-аналарына волонтерлар атынан хабарласып, қажетті  соманың жиналғанын айтып, банк карталарының нөмірін сұрап, кейін ақпаратты жинаған соң, есепшоттағы қаржыны жымқырып отырған. Облысқа танымал волонтер – Ғалия Бекқожиева бірнеше жылдан бері, науқас балалардың еміне қаржы жинаумен шұғалданады. Ол өзі сынды еріктілерді қатарына тартып, көмек керек жандарға қол ұшын созып жүр. Соңғы аптада оның осы танымалдылығынан хабары бар алаяқтар Ғалияның атынан тұрғындарға хабарласып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып жүрген көрінеді.

– Осы апта басталмас бұрын бірнеше белгісіз адамдар менің суретімді әлеуметтік желіден жүктеп алып фейк парақшалар ашып, хабарласып тұрғындардан ақша жинап жүр. Осындай жалған алаяқтарға алданып қалмаңыздар. Мен көмек керек жандармен көзбе-көз жүздесіп, жиналған қаражатты банк есепшотына ешқандай құпия сандарды сұрамай-ақ, аударамын не болмаса, қолма-қол беремін. Ал алаяқтар банк еспшотының артқы бетіндегі үш құпия санды сұрап сол арқылы құпия сөзді ауыстырып ондағы ақшаны алып алады. Сол себепті сақ болыңыздар, – дейді Ғалия  Бекқожиева.

Қазір орталық базар маңында науқас балалардың еміне ақша жинап жүргендерді де көзіміз жиі шалып жүр. Олардың бұл әрекеттері де күмәнді  дейді сала мамандары. Өйткені, Нұр-сұлтан мен Алматы, Ақтөбе қалаларындағы осындай еріктілер тобының жұмысы заңсыз екені анықталған. Оралдықтар болса, Орталық базар маңында соңғы кезде алақан жайып, қолдарын  созғандардың қатары көп екенін жасырмайды. Осы орайда, БҚО полиция департаментінің  баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков әлеуметтік желілілер арқылы пайда таппақ болған, арамтамақтардың қатары күн санап көбейіп келе жатқанын айтады.

– Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, биылғы  жылдың 11-12 маусым күндері БҚО аумағында «Hi-Tech» жедел- профилактикалық іс шарасы өткізіліпті. Оның аясында бір күннің өзінде 12 қылмыс анықталған. Атап айтсақ, жергілікті полиция қызметкерлері Атыраудан 1991 жылғы, адамдардың сеніміне кіру арқылы пайда таппақ болған азаматшаны құрықтаған. Оның үстінен ҚР ҚК 190 бабы 2 бөлімі 4-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалғалды.  Сол себепті ел азаматтарын сақ болуға шақырамын, – деді Болатбек Еркебұланұлы.

Ал, нағыз қиналғанға көмек қолын созуға құлықты болсаңыздар, онда арнайы көмек қорларын таңдаңыздар. Қол жайғанның бәрі қайыршы емес екенін естен шығармайық!

Айнұр ҚҰРМАШЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
49 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
129 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
353 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
838 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1216 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1126 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1574 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2189 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2355 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2363 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2413 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2417 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2042 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2898 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2952 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2946 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3559 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3527 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3518 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3493 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3653 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»