ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР
30 мамыр мен 4 маусымы аралығында Орал қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның өтуіне полиция қызметкерлерімен бірге прокуратура, «Nur Otan» партиясы, жастар ұйымдарынан ресми өкілдері мен белсенді жастар бір кісідей атсалысты.

Іс-шара кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және профилактика, кәмелетке толмағандарға алкогольдi iшiмдiктердi, темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау, олардың құқықтық сауаттылықтың жоғарылату, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықпен қылмысты жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау сынды мақсаттарды көздеді.
Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау мақсатында полиция басқармасының жеке құрамы арнайы бекітілген жоспарға сәйкес қызмет атқарып, кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындарын тексеру рейдтерін ұйымдастырды.
Тексеру барысында шараның 5 күнінде Орал қ.ПБ-на және учаскелік полиция пункттеріне 61 жасөспірім жеткізілді. 53-інің әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағаны анықталды, қоғамдық орындарда қараусыз қалған 10 жас жеткіншек табылды, көше кезіп, қол жайып жүрген кейбір жасөспірімдер арнайы орталықтарға орналастырылды. Шара аясында кәмелетке толмағандар қатысымен жасалған қылмыс тіркелмеді.
Мектеп инспекторлары 53 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Аталған мерзім аралығында Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 127 бабы бойынша балаларына өз балаларына қатысты нақты тәрбие бермей, ата-аналық құқықтарын дұрыс атқармағаны үшін 3 құқық бұзушылық анықталды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды тұлғаларысыз ойын сауық орындарында болуларын тексеру мақсатында «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің қатысуымен қала аумағындағы компьютерлік клубтар, кафе, барлар, кинотеатрлар тексерілген болатын. Нәтижесінде ҚР ӘҚБК-нің 200 бабы бойынша 2 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБК-нің 132 бабымен 2 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБК-нің 133 бабымен 1 құқық бұзушылық, 442 бабы 2 бөлімі негізінде 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 4 кәмелетке толмаған, 3 өнегесі төмен отбасы есепке алынды. Мысалы, 28.05.2019 жылы шамамен сағат 23.30 да Жәңгірхан даңғылы №26/1 үйінде орналасқан «Зачаганск» сауда үйі сатушысының жасөспірімге 5 дана «Балтика-7» сырасын сатқаны анықталып, ҚР ӘҚБК-нің 200 бабы 3 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
29.05.2019 жылы сағат 00.00-де №23 учаскелік пунктінің аумағында орналасқан «Сәбинұр» дүкенінің сатушысының кәмелетке толмаған 2003 жылғы жасөспірімге 1 дана «Кружка свежего» сырасын сату дерегі анықталып, Орал қ.ПБ Шаған Пб инспекторы ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы негізінде хаттама толтырылған болатын, ал кәмелетке толмаған Қазталов ауданының тұрғыны болғандықтан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналыстырылды.
Сонымен қатар, Орал қ. ПБ мектеп инспекторлары ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы 2 бөлімі негізінде жалпы 12 құқық бұзушылық анықтады, мысалы, 29.05.2019 жылы шамамен сағат 00.00-де Мөнкеұлы көшесінің бойында орналасқан футбол алаңында түнгі мезгілде заңсыз тұлғасыз жүргені үшін 2003 ж.т. Т есімді жасөспірім ұсталып, оның заңды тұлғасының үстінен хаттама толтырылып, ескерту жарияланған болатын.
Жасөспірімдер тағдырына, олардың жүріс-тұрысына, мәдениетіне әлбетте ересектер жауаптымыз. Жастайынан тәрбие алған бала жас терек секілді түзу өсіп, дамиды. Олардың тәрбиесі бір күндік немесе шаралар аясында ғана шешілетін мәселе емес. Үнемі назардан шықпауы тиіс.
Орал қ.ПБ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу