«ГҮЛДЕР» АНСАМБЛІ ТАЛАНТТЫЛАР ОРДАСЫ
1987 жылдан бастап Мектептен тыс жұмыс орталығының «Гүлдер» вокал студиясында әншілер тәрбиелеп келе жатқан Райхан Нарымбетова үшін әр оқу жылы тынымсыз ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетіп, өзіндік жемісін беріп келеді.
Ағымдағы оқу жылы да «Гүлдер» студиясының әншілері үшін ерекше жыл болды. Жақында мектептен тыс жұмыс орталығында өткен «Гүлдер» вокал студиясының «Бақытты балалық шақ» шығармашылық есеп беру концертінде осыған толық куә болдық. Өткен оқу жылында «Гүлдер» студиясының әншілері МТЖО-ның және қалалық, облыстық деңгейдегі мерекелік іс-шараларда, Президент шыршасында өнер көрсетті. Студия әншілері Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» және мерекелік музыкалық сазды бағдарламаларында жиі қонақта болады. Биылдың өзінде облыстық телеарнадағы өнерлі балаларды насихаттайтын «Бозторғай» бағдарламасының екі бірдей саны тек қана «Гүлдер» студиясы әншілеріне арналды. Жас әншілер ән айтумен бірге, концерттерді де жүргізіп жүр. Студия әншілері Жанэль Есмағанбетова, Әлима Нурукова, Әліби Шәкенов, Алмаз Сенбіғалиев, Әлижан Тұрғали секілді оқушылар облыстық «Балдәурен» байқауының Гала-концертін өте жоғары деңгейде жүргізгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жасөспірімдердің сан түрлі додаларда оза шауып, түрлі жетістіктерді бағындырып жүр. Мәселен, Әлижан Тұрғали былтыр «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық рухани-патриоттық байқаудың «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша бас жүлдені иеленсе, республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша бірінші орын алды. Ағымдағы жылы республикалық «Golden stars» таланттар фестивалінің «Эстрада ән салу» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бас жүлдені қанжығалады. Ұлттық «Бала дауысы – 2019» балалар ән байқауының лауреаты атанды. «АMANAT musik» 2-халықаралық конкурс-фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін бас жүлде алды. «Жеті өнер» 3-халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша «GRAND PRI» жүлдесімен марапатталды. Өнерлі жас Гауһар Нұрлыбай «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық рухани-патриоттық байқауының «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша бас жүлдені иемденсе, республикалық «Ақжелең» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша екінші орыннан көрінді. Аңсар Әбдуғалиев республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша үшінші орынды иеленсе, Тұрарбек Марат республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз» байқауында «Вокал» жанры бойынша бірінші, «Жұлдызай» 14-халықаралық шығармашылық фестивалінің қалалық іріктеу кезеңінде «Вокалдық орындау» аталымы бойынша бірінші орындарды еншілеп, республиқалық «Golden stars» таланттар фестивалінде бас жүлдеге ие болды.Сондай-ақ «Жеті өнер» 3-халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында ешкімге есесін жібермеді. Дарынды өрен Әліби Шәкенов қалалық «Балапандар шеруі – 2018» байқауында 3-орын, халықаралық «Таланты Казахстана» байқауында 1-орын, республикалық «Ұлы дала ұрпақтарында» 2-орын, республикалық «Golden stars» таланттар фестивалінде 2-орын иеленді. Ал «Жеті өнер» 3-халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша Гран-При жүлдесімен марапатталды. Диляра Маратова биыл республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауында «Вокал» жанры бойынша екінші орын алса, «АMANAT musik» 2-халықаралық конкурс-фестивалінде 1-орынды қанжығасына байлады. Сол секілді Аружан Заинова, Аида Ізім қалалық «Балдәурен» балалар шығармашылық байқауының бірінші орын иегерлері, облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылық байқауының дипломанттары. Таяуда ғана мектептен тыс жұмыс орталығының шәкірті Алмаз Сембіғалиев VІ республикалық «Жадыра, жас дарын» фестиваль конкурсында вокал номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі лауреат атанып, ұстаздарының мерейін өсірді. «Гүлдер» әншілер студиясы ғажап әндерді дүниеге келтірген сазгер ағаларымыздың шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген ән кештерін өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. Халық әртісі, әнші-сазгер Е.Хасанғалиевтың шығармашылығына арналған «Елдің рухын биіктеткен Ескендірдің әндері», ұлы күйші-композитор Н.Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты кеш, қазақ вальсының королі атанған Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына бағытталған «Қазақ вальсының королі» секілді ән-кештерін ұйымдастырды. Осы оқу жылында мұңайғанды жұбатып, қуанғанды шаттыққа бөлеп, адам жанын әлдилейтін лирикалық әндерімен бірге балаларға көптеген ән арнаған Ә.Бейсеуовтің шығармашылығына арналаған «Әсеттің әсем әндері-ай» кеші өтті. Жалпы әр оқу жылдары халық композиторларын насихаттаумен бірге мерекелік шаралар да ұйымдастырады. Жыл сайын қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, ата-баба салтын сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында сахналандырылған концерттік бағдарламалар, халқымыздың ұлттық мәдениетін дамытуды көздеген шаралар, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатындағы концерттік шаралармен бірге, ел Тәуелсіздігіне арналған түрлі концерттік бағдарламалар өтіп тұрады.
Гүлназым ЖАҚСЫЛЫҚ

Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу