БҚО-ДА КЕЙБІР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫН ӨЗГЕРТУ ҰСЫНЫЛДЫ
Бүгін БҚО мәслихатының кезекті 25-ші сессиясында Батыс Қазақстан облысындағы кейбір білім беру білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау мәселесі күн тәртібіне шығарылып, депутаттар тізім бойынша көрсетілген мектептерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

– ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес тарихи атауларды жаңғырту және идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды реттеу мақсатында аудандар мен қаладағы білім беру ұйымдарын қайта атау туралы ұсыныс түскен болатын. Осы ұсыныстар негізінде обылыстық тілдерді дамыту басқармасы ҚР әкімшілік-аумақтық заңына сәйкес БҚО-ның кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы бірлескен қаулы шешім жобасын әзірледі, – деген облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы қайта атауға ұсынылған мектептердің тізімін халық қалаулыларына беріп, аталған жобаны республикалық ономастикалық комиссия қарауына енгізуге қолдау көрсетуді сұрады.
Тізім бойынша Ақжайық, Бөрлі, Қазталов аудандарындағы бірнеше мектепті қайта атау және Орал қаласындағы №44 орта мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың есімін беру ұсынылған.
Ал Ақжайық ауданындағы Краснояр орта жалпы білім беретін мектебіне – ағартушы-педагог Ы.Алтынсаринның есімін, Харькин орта жалпы білім беру мектебіне – Х.Доспанованың есімін беру, Болдырев негізгі мектебін – Үштөбе негізгі мектебі, Горячкин негізгі мектебін – Мойылды, Каленный бастауыш мектебін – Ақбұлақ бастауыш мектебі деп атау ұсынылды.
Қазталов ауданы бойынша Богатырев орта жалпы білім беру мектебіне – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру, Мирон негізгі мектебін – Жаңатаң негізгі мектебі, Никонор бастауыш мектебін – Қособа бастауыш мектебі, Бөрлі ауданындағы Григорьев орта мектебін – Кеңтүбек орта мектебі, Киров мектеп-балабақша кешінін – Қарағанды мектеп-балабақша кешені, Тихонов мектеп-балабақшасын – Қара құдық мектеп-балабақшасы деп атау ұсынылуда.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу