17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ «ҰРЛАНДЫ»
Оралдық полицей «ұрланған» 17 миллион теңгені тапты.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 мамыр күні сағат 16.30 шамасында Орал қаласы полиция басқармасының 102 басқару кезекшілігіне қала тұрғынынан үйде сақтап жүрген 17 миллион теңгесі жоғалғаны туралы хабар түскен.
Шақырту орнына Орал қаласы полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жіберіліп, олар оқиға орнынан қылмыс іздерін және ақшаны іздей бастаған.
Тергеуші ресми жұмыстармен айналысып жатқан кезде техник-криминалист, полиция старшинасы Ғайнеден Ғұмаров пәтерді мұқият зерттеп, ілік іздеуге кіріседі. Әжетханаға кірген кезде ол нығыз оралған пакетті көрген. Пакетті алып, шағымданушыға ұсынғанда оның қуанышында шек болмапты. Өйткені, бұл ақша оның 2006 жылдан бері үй алу үшін салып жүрген жинағы екен.
Анықталғандай, шағым беруші қала тұрғыны ақшаны жасырған жерін ұмытып, пәтерден таба алмаған соң ұрланды деген оймен полицейлеге хабарласуды жөн көрген екен. Хабарласқаны да дұрыс болыпты. Криминалистің қырағылығының арқасында ақша табылып, «қылмыс ашылды».
Полиция старшинасы Ғ.Ғұмаров ішкі істер органында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі қызметіне ауысқанына үш жылға жуық уақыт болған.
Полицейлер қала тұрғындарына ірі көлемдегі ақшаны үйде емес, банктерде сақтау сенімді екенін ескертеді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу