8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2019 1938 0
Қоғам

17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ «ҰРЛАНДЫ»

Оралдық полицей «ұрланған» 17 миллион теңгені тапты.

 

 

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 мамыр күні сағат 16.30 шамасында Орал қаласы полиция басқармасының 102 басқару кезекшілігіне қала тұрғынынан үйде сақтап жүрген 17 миллион теңгесі жоғалғаны туралы хабар түскен.

Шақырту орнына Орал қаласы полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жіберіліп, олар оқиға орнынан қылмыс іздерін және ақшаны іздей бастаған.

Тергеуші ресми жұмыстармен айналысып жатқан кезде техник-криминалист, полиция старшинасы Ғайнеден Ғұмаров пәтерді мұқият зерттеп, ілік іздеуге кіріседі.  Әжетханаға кірген кезде ол нығыз оралған пакетті көрген. Пакетті алып, шағымданушыға ұсынғанда оның қуанышында шек болмапты. Өйткені, бұл ақша оның 2006 жылдан бері үй алу үшін салып жүрген жинағы екен.

Анықталғандай, шағым беруші қала тұрғыны ақшаны жасырған жерін ұмытып, пәтерден таба алмаған соң ұрланды деген оймен полицейлеге хабарласуды жөн көрген екен. Хабарласқаны да дұрыс  болыпты.  Криминалистің қырағылығының арқасында ақша табылып, «қылмыс ашылды».

Полиция старшинасы Ғ.Ғұмаров ішкі істер органында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі қызметіне ауысқанына үш жылға жуық уақыт болған.

Полицейлер қала тұрғындарына ірі көлемдегі ақшаны үйде емес, банктерде сақтау сенімді екенін ескертеді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»