«БІР КӨШЕ – БІР ТАРИХ». ОРАЛДА ЖАҢА КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ
Орал қаласында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының бастамасымен «Бір көше – бір тарих» кітапханалық жобасы бастау алды. Биыл жоба аясында Орал қалалық кітапханасы, Ақжайық, Қаратөбе, Сырым аудандық кітапханаларымен, келесі жылы өңірдің басқа аудандық кітапханаларымен бірлесе сол аудандардан шыққан тарихи тұлғалар насихатталады.

– ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Осы бағыттағы жобамыздың мақсаты – Жас ұрпаққа қала көшелеріне есімі берілген тұлғалар, атаулар арқылы еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін терең таныстыру арқылы кітапханаға, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. Көшеге есімі берілген тұлғаның өнегелі өмірі мен соңына қалдырған шығармашылығы, ерлік ісі, еңбегі, қайраткерлігі, мұрасы мен ізгі істерін насихаттау, – дейді облыстық кітапхана директоры Шолпан Оразаева.
Бүгін басталған жоба Ақжайық аудандық кітапханасымен бірлесе өткізіліп, Ақжайық өңірінен шыққан танымал тұлғалардың есімдерімен аталған көшелерде түрлі шаралар өтті. Атап айтқанда, Жұбан Молдағалиев атындағы саябақта жоба салтанатты түрде ашылып, ақынның атындағы көшеде орналасқан «Атриум» сауда үйінде «Тапқыр болсаң, тауып көр!» фото ойыны, В.Чапаев ескерткіші алдында «По горам уральским, по степным долинам» сазды сағаты және №40 орта мектепте Ораз Исаев көшесінің тарихына арналған «Жазықсыз жапа шеккен» еске алу кеші өтті.
Шараның ашылуында Жұбан ақынның ескерткішіне гүл шоғы қойылып, жұбантанушылар Социал Пұсырман мен Үзілдік Елеубайқызы ұлт тағдырын жырына арқау еткен Жұбан Молдағалиевтың өмір жолы, оның атқарған жұмысы мен адамдық келбеті туралы айтып, әр көшенің тарихымен танысуда жаңа бастаманың рөлі зор екенін атады.
– Қаламыздың басты көшесінің бірін иеленген Жұбан Молдағалиевті ақжайықтық әр жерлесіміз мақтан етеді. Бір облыстың өзінде бірнеше жерде ескерткіші орнатылып, көше атауларының берілуі де заңды. Жұбан Молдағалиев – КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Жұбан ақын жыр қосқан туған жері Сайқұдықта өзім де туып-өсіп, ақынның көптеген өлеңдерінде есімдері аталған адамдардың көпшілігімен және ақынның өзін көріп, берген батасы мен өсиетін арқалап, күні кешеге дейін сол ауылда тұрып, адал еңбек еттім. Ақын өмірін зерттеп, көзі тірісінде біршама адамдардан естеліктер жинақтадым. Алматыда Қазақстан КСРО Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы ретінде атқарған қызметі мен адами келбетін ашқан тұстастары Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Серік Қирабаев, Сырбай Мәуленов және басқа да ақын-жазушылармен кездесіп, лебіздерін тыңдадым. Бірінші рет Қазақ КСРО жоғары кеңестеріне депутат болып сайланып, қайраткерлік дәрежеге көтеріліп, Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқанын, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Колбинге қарсы сөз сөйлеп, қазақ жастарын қорғаған батырлығын, екі рет Ленин ордені, «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордендерін таққанын, екі рет екінші дәрежелі ҰОС ордендерімен марапатталғандарын және 1985 жылы Қазақстанның халық жазушысы атанғанын білесіздер. Ендеше, бүгінгі «Бір көше – бір тарих» жобасы аясында Жұбан Молдағалиев есімінің ерекше аталуы да, ол туралы толғаныс-деректердің ауқымды баяндалуы да заңды. Осы шарадан шыққан әр ойлы жас көшелерге есімі берілген тұлғалар туралы тың деректерді бөлісіп отырса деген ұсынысым бар, – дейді Үзілдік Елеубаева.
Бұл күні облыс орталығында есімдері берілген Ақжайық ауданының тұлғалары насихатталса, ендігі кезекте Қаратөбеден шыққан игі жақсылар таныстырылмақ.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу