8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2019 2479 0
Мәслихат жаршысы

ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

         2019 жылға арналған қалалық бюджеттің жалпы сомасы 235 623 мың теңгеге нақтыланды. Бұл туралы бүгін Орал  қалалық мәслихатының 31-кезекті сессиясында мәлім болды. Сессия жұмысына қала әкімі Мұрат Мұқаев, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.  

Орал қалалық мәслихатының депутаты Наджаф Мамедовтың төрағалығымен өткен сессия жұмысының күн тәртібінде Орал қаласының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылу барысыталқыланып, ағымдағы жылға арналған бюджет нақтыланды.  Алғашқы мәселе бойынша сөз алған қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиевтің мәлімдеуінше, Орал қаласы жергілікті бюджетінің 2018 жылғы жоспары 41 077 917 мың теңге, түскені 43 589 281,8 мың теңге, немесе 105,4% құрайды. Жиында Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мереке Көбейсінов өткен жылы Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы баяндады. Ал шаһардың биылғы жылға арналған бюджетін нақтылау барысы жөнінде сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова  2019 жылға арналған қалалық бюджеттің жалпы сомасын 235 623 мың теңгеге түсімдердің ұлғаюы жағына нақтылауды ұсынды. Мәселен, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша қосымша – 235 623 мың теңге қарастырылса, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу бағдарламасы бойынша қаражатты қайта бөлу – 9 096 мың теңгеге азайтылған. «Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту» бағдарламасына 9 096 мың теңге қосымша қаражат бөлінді. Сондай-ақ сессия барысында Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың  істері  және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

– Таяуда өңірімізге іссапармен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келген болатын. Мемлекет басшысы облыстың дамуына, соның ішінде Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық өсуіне жоғары бағасын берді. Бұл – біз үшін жетістік. Жалпы қала бюджетінің көлемі жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы қала бюджеті 41,4 млрд. теңгені құраса,  қазір 5 млрд.-қа артып, жалпы 8,4 пайызға өсті. Ең бастысы республикалық трансферттердің көлемі ұлғайды. Қаламыздың өсіп-өркендеуі сіздермен бірлесе жасаған жұмысымыздың оң нәтижесі, – деді сессия жұмысын қорытындылаған қала әкімі Мұрат Мұқаев. Сессия барысында мемлекет пен қоғам тарапынан жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, өңіріміздің дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін төрт шақырылым бойы, яғни 16 жыл  қалалық мәслихат депутаты болған Шалқыма Құрманалина ҚР Парламенті Сенаты төрағасының, ҚР Мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл толуына орай қалалық мәслихат депутаты Лилия Хайруллина облыс әкімі Алтай Көлгіновтың Алғыс хатымен марапатталды.  Ал қалалық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов шаһарды қалың қардан тазарту, су тасқынының алдын алу шараларына белсенді атсалысқаны үшін өңір басшысының Алғыс хатын алды. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып депутат Валентина Михно сайланды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
31 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
123 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
344 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
832 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1211 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1122 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1570 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2185 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2352 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2357 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2409 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2412 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2040 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2892 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2947 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2943 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3553 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3523 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3512 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3488 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3648 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»