8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 2290 0
Спорт

ОРАЛДА МЕРЕКЕЛІК ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОН ӨТТІ

Бүгін Орал қаласында «Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мерекесіне арналған көктемгі жартылай марафон өтті. Мерекелік марафонға 1 мыңдай қала тұрғыны жиналды. Сондай-ақ көршілес облыстардан, аудандардан арнайы келген марафоншылар да шараға қатысты.

Мерекелік марафон қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында ұйымдастырылды. Жүгіруге қатысушылар 5, 10, 21 шақырымдық қашықтық бойынша сайысты. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов те жартылай марафонға қатысып, белсенділік танытты.

– Біз батырларымызды ұмытпауымыз керек. Өткен жылдардағы қателіктер қайталанбауы үшін ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмауы, аға ұрпаққа құрмет болуы тиіс. Қазір бейбіт аспан астында, татулық пен келісімде өмір сүрудеміз. Елбасының формуласы осы – тұрақтылықпен алға қарай ұмтылу, – деген облыс басшысы Алтай Сейдірұлы облыс тұрғындарына жағымды жаңалықты жеткізді. – Өңірдегі 12 ауданның төртеуінде ғана спорт кешені бар, қалған сегізінде жоқ. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болғанымда осы мәселе айтылды. Президенттің тапсырмасымен және қолдауымен әр аудан орталықтарында биыл спорт кешендері салынатын болады. Ол үшін қажетті қаржы бөлінді. Облыс орталығанан 600 шақырым қашықтықтағы Бөкей Ордасы ауданынан бастап, барлық ауданда спорт кешені салынады. Сонымен қатар 300 орындық интернатымен бірге салынып жатқан спорт колледждің құрылысы биыл аяқталып, күзде тапсырылады, – деді Алтай Сейдірұлы.

5 шақырымдық қашықтықтағы жартылай марафон бойынша ерлер арасында алғаш болып мәреге 19 минут 30 секундта Мәди Аманғалиев жетті. Екінші орынды 19.54 минуттық көрсеткішпен Азамат Қылыш иеленді.  Үздіктер үштігін 21 минуттық көрсеткішпен мәреге жеткен Самат Аманшин түйіндеді.

Ал әйелдер мен қыздар арасында 12 жасар Наталья Панова – бірінші орынды алды.

– Январцев мектебінде оқимын. Спортпен айналысқанды жақсы көремін. Ауылымызда арнайы дайындалатын спорт кешені жоқ. Бірақ, біз тоғайдың ішімен, су жағасында жаттығамыз, – дейді Наталья.

10 шақырымдық жартылай марафонда бірінші орынды 37 минуттық уақытпен Ғамзат Шабдан, екінші орынды 38 минут 57 секундта мәреге келген Оралбек Құттығалиев, үшінші орынды 39,02 минутта мәрден көрінген Нұркен Қасымов алды. Қыздар арасында Аяулы Сисемалиева, Алтынай Нұғманова, Дарья Черноярова жүлделі орындардан көрінді.

21 шақырымдық қашықтықта Атыраудан келіп, марафонға қатысқан Айдын Шалқар үздік көрсеткіш көрсетті. Оның нәтижесі – 1 сағат 22 минут 53 секунд. Алмаз Мирғалиев 1 сағат 37 минут 09 секундта мәреге жетіп, екінші орын алды. Одан 1 секундтан кейін мәреге келген Арман  Есенғазиев үшінші орын алды. Қыздар арасында 1 сағат 51 минут 09 секундтық көрсеткішпен Ләззат Төлепберген – бірінші, 1 сағат 55 минут 56 секундтық нәтижемен Анастасия Вавилина – екінші, 1 сағат 58 минут 12 секундта мәреге келген Әсел Мырзахметова – үшінші орын иеленді.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
182 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
343 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
380 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
650 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
663 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
788 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1094 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1183 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1210 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1422 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1695 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1917 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1957 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2103 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2302 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»