ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА 4 ЖАҒАЖАЙ ҒАНА ИЕЛЕРІНЕ БЕКІТІЛГЕН
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде табиғи өрт қауіпті кезеңіне дайындық пен суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу және жоспардан тыс «Газ техникалық инспекциясын құру» мәселелері қаралды.

Жыл басталғалы өңірде ауданы 890 гектар болатын 54 табиғи жану және ауданы 2,5 гектар құрайтын 1 орман өрті тіркелді. Негізгі себеп: халықтың отты абайсыз пайдалануы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз өртеуі. Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар өткізілуде. Қазіргі уақытта 40 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
2018 жылғы 14 ақпандағы №22 «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған 69 орын белгіленді.
Орал қаласы бойынша тек 4 жағажай нақты иелеріне бекітілген. «Металлист» ауданындағы жағажай қызметтерін жабдықтауға жер учаскесі инвестициялық жобада тұр. Сонымен қатар облыс аудандарында балаларды жүзуге үйрету мақсатында модульды-қаңқалы бассейндер орнатылған. (Бөкейордасында – 2, Бөрлі–2, Ақжайықта-2, Жәнібек, Бәйтерек, Қаратөбе, Теректі аудандарында – 1-ден, Казталов ауданында – 4).
2018 жылы 210 тыйым салу белгісі орнатылған. Қазіргі таңда белгілерді жаңарту және қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде.
БҚО ТЖД бөлімшелері суға шомылу маусымы кезеңінде міндеттерін орындау үшін дайындыққа келтірілді. Барлығы 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, рейдтер өткізу үшін 2 катер және 19 автокөлік дайын.
Жиналыс соңында Ғ. Есқалиев барлық уәкілетті органдарға және облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне өрт қауіпті кезеңі мен суға түсу маусымы кезінде төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған шараларды орындау тапсырмасын берді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу