8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2019 1805 0
Жалын

«ЖЕҢІМПАЗ ЖАЛҒЫЗ. ОЛ – ЕРЖАН»

«Голос Дети» байқауының жүлдегері Ержан Максим бүгін туған жеріне келеді деп күтілуде. Байқаудан соң оған жаңа ұсыныстар түсе бастаған. Бұл туралы жас әншінің анасы мәлімдеді.

 

Оралдық балғын Ержан Максим «Голос.Дети» Ресей тележобасының «Көрмей тыңдау» кезеңінде Андреа Бочеллидің «Ama credi e vai» әнін орындап, қазылар алқасын таңқалдырды. Қазылар құрамындағы Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе – үшеуі де бұрылып, Ержан Максимді өз топтарынан көруге асық екендіктерін білдірді. Светлана Сергеевна бұған дейін шыққан қатысушылардан Ержанның дауыс деңгейі ерек екенін айтса, Пелагея оған әдеттегіден тыс лайықты теңеу таппай отырғанын жеткізді. Дегенмен, Ержан өзіне жетекші ретінде Валерий Меладзені таңдап, жетекшісімен бірге бірнеше кезеңдік байқауда көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Алайда, 26 сәуірдегі шоудың финалы көрермендердің наразылығын тудырды. Бұған себеп – дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңіске жетуі еді. Ал қазақстандық әнші Ержан Максим екінші орын иеленді. Көрермендер финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды. Көптеген ресейлік әртістер қазақстандық әншіге қолдау білдіріп, оны нағыз жеңімпаз деп білетінін айтты. Алғашқылардың бірі болып, танымал ресейлік тележүргізуші Максим Галкин Instagram парақшасында видео жариялап, өз отбасының пікіріне сай «Голос. Дети» байқауының жеңімпазын атады.

«Біз кеше отбасымызбен Ержан Максимге дауыс бердік. Жалпы, финалға қатысушылардың деңгейі жоғары болды. Ержаннан басқа Нино Чеснер, Анастасия Сисаури, Валерий Кузаков, Миша Григорян тамаша орындады. Микелла Абрамова да жақсы, бірақ финалға қатысушылардың бәрінен артта қалды. Абрамованың атақты ата-анасы мен олардың жұлдызды достары бәрін жасады. Басқа әншілердің ата-аналарында ондай мүмкіндік жоқ. Менің ойымша, жеңімпаз жалғыз, ол – Ержан Максим», – деді М.Галкин.

«Кешегі сайыста барлық балалар мықты өнер көрсетті. Алайда, Максим Галкинмен толықтай келісеміз. Кішкентай Ержан және оның зор дауысы», – деп жазды Вера Брежнева.

Димаш Құдайберген, Мөлдір Әуелбекова, Ақбота Керімбекова, Нұртас Адамбай сынды отандық эстрада жұлдыздары да жас дарынды қолдап, құттықтауларын білдіруде.

Ал Ержанның өзі екінші орынға еш қапаланбағанын және байқаудың қорытындысына көңілі толатынын жеткізген. Тіптен қарбаласқа толы өнер жолы енді басталмақ.

– «Голос. Дети» жобасына қатысып жатқанда музыкалық компаниямен 1,5 жылға келісімге отырдық. Келісім шарты бойынша басқа компаниялармен жұмыс істеуге шектеу қойылған. Баратын жағдайда сол компаниядан рұқсат сұрауымыз керек болады, – дейді анасы Гүлмира Әлібек.

Айта кетейік, Ержан үйдегі үш баланың кенжесі. Жетекшісі – Республикалық байқаулардың лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Дария Бақытова. Жас дарын 9 жасында халықаралық сахнада ең алғашқы жетістігін көрсеткен болатын. Ол 2016 жылы Грузияның Батуми қаласында өткен «Дельфин Фест» әншілер фестивалінің бас жүлдесін қанжығасына байлады. Бір жылдан кейін, яғни 2017 жылы Италияда өткен San Remo Junior фестивалінде симфониялық оркестрмен жанды дауыста ән шырқап, финалист атанды. Дәл сол жылы Витебсктегі  «Славян базарында» екінші орын иегері болды. 2018 жылы балалар«Евровидениесінде» финалға шықты.

Талабы таудай талантты жерлесіміздің жұлдызы жарқырай түссін деп тілейік.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
199 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
313 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
561 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
827 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1056 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1091 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1244 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1439 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1671 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1758 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1869 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1877 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1909 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1909 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2235 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»