ҮЗДІК МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласының №48 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық, қалалық білім беру ұйымдарындағы мектеп психологтары арасында жүзеге асыратын, талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында «Үздік мектеп психологы» облыстық байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Қатысушылар алғашында психологтың презентациялық портфолиосын қорғап, «Мен және менің мамандығым» тақырыбындағы мотивациялық хат жазып, үздік деп танылған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алды.
Екінші кезеңге өткен аудандық, қалалық білім беру ұйымдарындағы мектеп психологтары 2 кезең бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады.
Сайыстың «Тұсаукесер» кезеңінде қатысушылар өзін кәсіби креативті түрде таныстырып, өзінің ерекшелігін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Содан кейінгі бөлімде сайыскерлер мамандығы бойынша әртүрлі тақырыпта, ынтымақты іс-қимыл тереңдігін көрсету, тәжірибеде қолдануға болатын нәтижесі бар психологиялық тренингтер өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Теректі ауданы, Подстепный қазақ ЖОББМ–ның педагог-психологы Жұмагүл Хамзина үздік деп танылып, І орын иеленсе, Бөрлі ауданы, №1 мектеп-балабақша кешені педагог-психологы Аққаным Мақсұтова ІІ орын, Орал қаласы, №26ЖОББМ педагог-психологы Айман Раушанова ІІІ орын иеленді.
«Өз ісінің шебері» аталымымен Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев атындағы ОЖББМ педагог-психологы Айкөркем Бахтыгереева, «Шығармашыл психолог» аталымымен Қазталов ауданы, Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі, педагог-психологы Гүлзада Болатова, «Жаңашыл ізденімпаз психолог» аталымымен Жәнібек ауданы, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ педагог-психологы Назерке Қадырова марапатталды.
Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу