БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ӨЛКЕ ТАРИХЫНА ҮҢІЛДІ
Батыс Қазақстан облысында «Туған өлке – тұнған тарих» атты ғылыми-зерттеу жобасы байқауы өтті. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалары аясындағы байқауды облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Мақсат – өзінің туған өлкесін, ауылын, қаласының тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін, оның салтын қастерлейтін, Отан патриоттарын тәрбиелеу, білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту. Оған Орал қаласы мен 4 ауданның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 19 үміткер қатысты. Жас зерттеушілер өздерінің антропонимика, топонимика бағытында жүргізген ғылыми-зерттеу жобасын ұсынып, өңірлік ономастиканың анықтамалық әдебиеттерімен жұмыстанудағы біліктіліктері мен дағдысын, сөйлеу тәжірибесінде алған білімі мен іскерлігін қолданудағы шеберлігін, туған өлке тарихының ақпараттық-талдау материалдары жүйесін құру және жүргізудегі жұмысын, қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін көрсете білді.
Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамынан, ғылыми-сарапшылық және облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан топ мүшелері төрелік етті.

Байқау қорытындысында бас жүлдені Орал ақпараттық технологиялар колледжінің 1 курс студенті Наталья Игнатьева иеленді. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенті Залина – бірінші, Бәйтерек ауданы Рубежка колледжінің 1 курс студенті Бек Амангелді мен Орал ақпараттық технологиялар колледжінің 1 курс студенті Қадырбек Дүйсекенов – екінші орын иеленді. Бәйтерек ауданы Зеленов колледжінің 1 курс студенті Елена Литвякова мен Батыс Қазақстан Инженерлік-технологиялық колледжінің 2 курс студенті Гүлнәз Өтемісова және Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің 2 курс студенті Құндыз Сансызбаеваның жүргізген зерттеу жобалары үшінші орынға лайық деп танылды.
Байқау жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу