8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2019 1926 0
Өзек

БҚО-ДА КИІКТЕРГЕ ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ ЖАСАҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Соңғы екі жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында киіктерге заңсыз аңшылық жасап, олардың дериваттарымен айналысқаны үшін 88  тұлға сотталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс прокурорлары мәлім етті. 

Сотталушылардың жетеуі  бас бостандығынан айырылса,  79 тұлғаның бас бостандығы шектеліп, 2 адамға айыппұл салынған. облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, браконьерлерден киіктің 616 төшкесі мен 955 мүйізі алынып, 25 мылтық, 1 205 оқ-дәрі, 18 пышақ пен 19 қолара жойылған. Мемлекет пайдасына 14 автокөлік, 3 қаршана мен 1 квадроцикл тәркіленді. Мемлекетке барлығы 1,1 млрд. теңге залал келтіріліп, сот орындаушылармен 12 млн. теңге өндірілген.

Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде сот орындаушылары 13 автокөлікке және 15 жылжымайтын мүлікке тыйым салды, сондай-ақ тиісті мәжбүрлеп өндіру шаралары қабылданды. Бүгінде прокуратураның нұсқауымен Әділет департаменті «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының  55-бабына сәйкес тыйым салынған мүлікті бағалау және сату шараларын қабылдауда. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығыныа сәйкес, бір бас киіктің құны 3,7 млн. теңгеге бағаланатыны хабарлаған болатын.

Киікті заңсыз аулағандар мен олардың дериваттарымен заңсыз айналысқандар үшін Қылмыстық кодекстің 337 және 339-баптарымен қылмыстық жауапкершілік және жеті жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы көрсетілген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»