ПОЛИЦИЯ БӨЛІНІСТЕРІ БАСШЫЛАРЫ ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ
5 және 6 сәуір күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізіледі.

Акция Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды.
Барлық аудандарда арнайы жабдықталған автобустар болады.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылау, жол техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істейтін болады.
Орал қаласында акция Н.Назарбаев даңғылы бойынша С.Датұлы алаңына қарсы жерде, Астана шағын ауданындағы Достық үйі ғимаратының алдында сағат 10.00-ден сағат 19.00-ге дейін жалғасады.
Осы күндері 98-40-18 +7 776-932-06-55 телефондары жұмыс жасайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу