БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Бүгін Жайық жұрт Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Облыс орталығында ұйымдастырылған басты мерекелік шара Тұңғыш Президент алаңында өтті. Наурыз тойына орайластырылған шараларды қызықтауға жиналған батысқазақстандықтар мен қала қонақтарын облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.




Наурыз – жаңару айы. Адамдардың көңілі көрісіп, төс қағыстыру арқылы арқа-жарқа болып жаңарса, Жер-Ананың құшағына тал отырғызылып табиғаттың өзі де осы айда жаңара түседі. Осы дәстүрді жаңғыртқан батысқазақстандықтар мерекені тал егуден бастады. Ақсақалдардың ақ батасымен бұл күні Тұңғыш Президент алаңына 50-ге жуық көшет түптендірілді.

Бір-бірімен арқа-жарқа амандасқан жұрт Наурыз көжеден дәм татып, ел-жұрт аман, ақ мол болсын деген тілектерін жаудырды. Өңір басшысы Алтай Көлгінов жерлестеріне ізгі тілегін жолдап, елдің ынтымағының бекем болуын тіледі.
– Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың жайдарлы, жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бұл шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түн теңелген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды. Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Сондықтан біз басты байлығымыз – берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік мемлекеттік сананы орнықтырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналды. Бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың негізі болды. Кез келген мемлекеттің басты құндылығы – оның тәуелсіздігі, бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. «Біз үшін тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік елден асқан мақсат жоқ» деп Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым айтады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап әлемдегі ең дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық. Ұлыстың ұлы күні елдің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының береке-бірлігін арттырсын. Табысты дамыған Қазақстанымызға тыныштығы мен жасампаз жақсылығын ала келсін. Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын! Мәңгілік еліміз жасарып, жаңара берсін, – деп тіледі Алтай Сейдірұлы.
Мерекеге арнайы БҚО мәдениет басқармасы облыстықхалық шығармашылығы орталығы ұсынған «Бақ, береке Наурызым» атты театрландырылған концерттік бағдарлама қасиетті жеті санымен байланыстырылды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері арқылы ел тәуелсіздігі мен ұлт мұраты сынды ұлы құндылықтар дәріптелді.
Қобызшылар би ансамблі бастап, жарапазаншылар жырлатып, барша халықты тойға шақырды. Ұмай ана ел мен жерді жамандықтан аластап, тазалық иесі – От-анаға, тіршлік көзі – Су-Анаға, тіршілік анасы – жер-Анаға және тіршілік бастауы – Күн-Анаға тәу ету амалы жасалды. Бұдан соң, ортаға «Тайқазан» шығарылып, қыз-келіншектер жиналған қауымға дәм ұсынды.

«Жеті ата», «Жеті ғашық», «Жеті қазына» және ХVІІ ғасырда Қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке ханның елдің ауызбірлігін арттыру, қазақ қоғамының дамуы мен хандық билікті қамтамасыз ету мақсатында жариялаған «Жеті жарғысы» қойылыммен көрсетілді. «Жеті жетістік» көрінісі арқылы өңірімізден шыққан даңқты жерлестеріміздің жетістіктеріне назар аударылды. Олардың қатарында ақын, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерееваның, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімовтың, композитор Ескендір Хасанғалиевтың, «Алтын домбыра» иегері Жансая Мусинаның, олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың есімдері ерекше аталып, көп балалы батыр аналар және мейірімді жандарға көрсетілді.
Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне өңірдегі этно-мәдени орталық өкілдері де үн қосты. Қазақстан халқы Ассамблея үй алдына киіз үй тігіліп, этно-мәдени бірлестік өкілдері өнерлерін көрсетті. Ұлттық дәмдерін ұсынды.
Сондай-ақ алаңда «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындар жарысы өтті.










Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу