8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 2011 0
Қоғам

ПСИХОЛОГТАР МЕН СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ ОҚЫТЫЛАДЫ

  Өңірге жұмыс сапарында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Орал жоғары аграрлық-техникалық колледжінде, «Жәңгір хан» жеке балабақшасында, №50 орта мектепке арнайы барды.

Таяуда ғана пайдалануға берілген Сарытау шағынауданындағы №50 орта мектепте өткен кездесуге аталмыш білім ордасының ұжымы, қала мектептері мен балабақшаларының директорлары қатысты. Ұстаздар алдында сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі Елбасының тапсырмасына орай халықтың әл-ауқатын түзеу бағытында қолға алынатын жұмыстармен таныстырып,  білім саласындағы өзгерістерге тоқталды.

– Білім саласында ең алдымен жалақысы төмен техникалық қызметкерлердің айлық табысы көбейеді. Ұстаздардың табысы 2009 жылдан бастап бірнеше рет жоғарылағаны белгілі. Былтыр еңбекақыларыңыз кәсіптік шеберліктеріңізге байланысты көбейді. Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 90 мың теңгенің айналасында, орташа жалақы 140-150 мыңдай, ал жоғарғы жалақы 160 мың теңге төңірегінде. Ауылдық жерлердегі мектептерде 18 сағат жүктемесі бар, жоғары санатты педагогтардың айлық табысы 190 мың теңгеге жетіп жығылады. Төменгі жалақы деңгейі 100-110 мыңнан басталады. Жалпы ұстаздардың жалақысы кәсіптік шеберліктері мен жұмыс өтілдеріне байланысты, – деді Күләш Ноғатайқызы.  Министрдің мәлімдеуінше, Елбасы соңғы жылдары білім саласына енгізілген бірқатар өзгерістерді нәтижеге бағыттауды тапсырған. Соның ең бастысы – мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Алдағы үш жылдың ішінде жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 144 мың мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланған. 85 мың психологтар мен сынып жетекшілеріне арналған курстар жұмыс жасайтын болады. Бұдан бөлек жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогтарын оқыту көзделген. Әсіресе, педагогикалық оқу орындарының оқытушылары жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытылады. Өйткені олар осы жүйеге маман даярлайды.

Сондай-ақ сала министрі химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселесіне де назар аударды. Аталған пәндерді ағылшын тілінде оқыту мұғалімдердің, мектептің дайындығына байланысты біртіндеп енгізілмек. Бүгінде 150-ге тарта мектепте пәндер ағылшын тілінде жүргізіле бастапты. Олардың іс-тәжірибелеріне де мониторинг жүргізіліп, жіті зерделенуде. Ал Назарбаев зияткерлік мектептері «Жүйелі әдістемелік кешен» порталында ағылшын тіліндегі бөлімді ашуға дайындалуда. Бұл да мұғалімдерге үлкен көмек болары сөзсіз. Ал қазақ тілін латын қарпіне көшіруге байланысты қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жұмыстану көзделуде. Әңгіме барысында жаңартылған білім мазмұнына тоқталған Күләш Ноғатайқызы бұл – уақыттың талабы, сондай-ақ ұстаздық мамандықтың да жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өңірімізде педагог мамандар даярлайтын оқу орындарының оқытушыларын Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасымен оқытуға басымдық берілетінін жеткізді. Кездесуде министр ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
92 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
153 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
390 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
872 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1250 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1149 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1609 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2225 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2397 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2448 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2453 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2064 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2932 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2986 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2980 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3593 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3561 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3552 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3528 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3688 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»