8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2494 0
Спорт

Арда ұлын ардақтады

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы, Әлем чемпионы және Әлем кубогының иегері, марқұм Асқар Шайхиевті 29-30 қазан күндері еске алуға арналған самбо және әскери самбодан халықаралық турнирде сарапқа салынған 48 жүлденің жиырмасын батысқазақстандық палуандар иеленді. Қаламызда өткен додаға бес елден 150 спортшы қатысты.

Өмірі мен еңбегі жас ұрпақты тәрбиелеуге лайықты ардақты тұлғалардың бірі – жерлесіміз, самбо күресінен тұңғыш ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанған Асқар Шайхиев. Бозкілемде ешкімге бәс бермеген палуанның жолын бүгінгі ұрпақ табысты жалғастырып келеді. Тәуелсіздік жылдары өңірімізден сан алуан спорт шеберлері, ҚР және Әлем чемпионаттарының, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәрбиеленді. Осының бәрінде күрес өнерінің қыры мен сырын жіті меңгеріп, белдесуде алдына жан салмаған сырымдық саңлақ Асқар Тастайұлының қолтаңбасы тұр. Аталмыш турнирдегі жүлделердің жартысына жуығын жерлестеріміздің облыс қоржынына салуы – соның айқын дәлелі. Жеті мемлекеттің өкілдері жиналған додада бас қосқан туыстары мен бауырлары дарабоз тұлғаның спортта жүріп өткен жолы, азаматтығы хақында ой бөлісті.

– Еліміз егемендік алған 25 жыл ішінде Елбасының бастауымен қай салада болмасын толайым жетістікке қол жеткіздік. Ұлыларымызды ұлықтауға мүмкіндік алғанымыз осы дербестігіміздің арқасы. Аты әлемге әйгілі самбошы атанған жерлесіміз Асқар Шайхиев өзінің ізін Батыс Қазақстан олысында ғана емес, республика көлемінде, халықаралық дәрежеде қалдырған. Бала кезден спортқа тартымы бөлек Асқар өзін үлкен спортқа арнап, зор жетістікке жетті. Кеңес Үкіметінде құрамаға енудің өзі – үлкен жетістік, әрі жауапкершілік. Жаттығу кезіндегі төгілген тер, айналасындағы қызықтардан өзін тежеу, бар өмірін спортқа арнау оңай емес. Асекең спортпен ғана айналысып қоймай, жан-жақтылығын да көрсетті. Өр мінезді, кең жүректі азаматтың қасиетті қара домбырада, гитарада еркін ойнап, ортаның адамы болғаны әлі күнге ел аузында. А.Шайхиевтің ізімен балалары, бауырлары, ізбасарлары талай мәрте чемпион атанып, өңірде самбоның дамығанын дәлелдеп келеді. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болса керек, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов.

Елі ардақтаған дара саңлақтың жұбайы Аягөз Мәжикенқызы турнирді ұйымдастырған облыс әкімшілігіне, облыстық дене шынықтыру және туризм басқармасына ризашылығын білдіріп, жарысқа қатысушы спортшыларға Асқар Тастайұлының жетістігін тіледі.
Бозкілемдегі белдесуді 48 келі салмақтағы палуандар бастады. Екі күн бойы Армения, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерімен қатар еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары мен өңірімізден қатысқан спортшылар жүзден жүйрік шығуға тырысып бақты.

Турнир қорытындысы бойынша 48, 52, 57, 68, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта батысқазақстандық Ерасыл Бақыт, Армат Қабдолов, Тоқтар Үмітәлиев, Серікбай Неғмет, Ерназар Хамзин, Олжас Сүлейменов, Көлбай Темірлан, 62 келі салмақта ресейлік Амир Жусувалиев, 74 келіде армениялық Роберт Габриелян, 85 келіде оңтүстікқазақстандық Айдарбек Тоқтарбек, 62 және 74 келідегі салмақта ұйымдастырылған әскери самбодан жерлесіміз Шыңғыс Қажиақпаров пен атыраулық Қанағат Батыршиев алтыннан алқа тағып, барлық бас жүлде иегерлері 50 мың теңге көлеміндегі сыйақымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен, медальдармен марапатталды.

                                                                                                                                                     Эльмира НҰҒМАНОВА

Михаил Шепетюк, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, А.Шайхиевтің бапкері:

– Қазақ дене шынықтыру институтына жұмыс жасай жүріп, 1984 жылдан ұлттық құраманың бапкері болып тағайындалдым. Сол уақыттан бастап шамамен он шақты жылдай Асқар Шайхиевпен жұмыс жасадым. Ол 1987 жылы Кеңес Одағы чемпионатының күміс жүлдегері, 1988 жылы бірінші рет Ташкентте, екінші рет Омскде өткен чемпионатта, 1989 жылы Кеңес Одағының чемпионы атанды.  Құраманың өзінде оның салмағындағы бәсекелестері мықты болды. Бірақ Асқар алдына халықаралық деңгейге шығуды мақсат етіп қойып, сол мақсатына жетті.
Ваган Хожоян, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Армения командасының бапкері:

– Асқар Шайхиев туралы көп естідік. Біздің Гагик Хазарян есімді чемпионымыз бар. Кеңес Одағы кезінде әлем чемпионаттарына, спорттық жиындарға екеуі бірге шығып жүрді. Жыл сайын өткізілетін еске алу турниріне қатыса жүріп, қазақ спортшысын терең тани түстік. Оның ізбасарлары самбоның даму деңгейін лайықты көрсетіп келеді. Дайындықтары өте жоғары. Қазақтардың өнеріне тәнті болдық. Біздің таңдаулы екі спортшымыздың бірі бас жүлдені иеленді. Дайындығымызды пысықтап, келер жылы көбірек  палуанмен келгіміз келеді.

Қайыр Қажи, Әлем чемпионы А.Шайхиев атындағы таэквондо спорт клубының директоры:
– Асқар ағамыздың самбода ғана емес, таэквондо спортында да өз қолтаңбасы бар. Бір ауылдан шыққаннан кейін ағамыздың есімі ұмытылмасын деген ниетпен 2003 жылы Алматыда оның атымен таэквондо клубын аштық. Клуб президенті – Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.  2001 жылы алғаш рет Алматыда таэквондодан республикалық еске алу турнирін өткіздік. Оған 350-дей жасөспірім қатысты. Енді, міне, өз ұлдары қолға алып, өзі туған өңірде халықаралық деңгейде турнир ұйымдастыруды бастады.  Екі жыл бұрын Оралдан А.Шайхиевтің құрметіне көшеге есімі берілді. Бұл бізді қуантады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
236 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
244 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
530 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1000 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1378 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1236 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1736 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2355 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2518 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2525 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2577 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2581 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2151 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3059 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3114 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3105 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3726 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3688 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3679 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3654 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3814 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»