«Қанатыңды кең серпі!»
2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматыда бүкіләлемдік 28-ші қысқы универсиада өтеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта оңтүстік астанамызда дайындық жан-жақты жүргізілуде. Еліміздің әр түкпірінде универсиаданы қолдау шаралары ұйымдастырыла бастады.
Соның бірі – 24 қыркүйекте универсиадаға 100 күн қалуына орай «Қанатыңды кең серпі» ұранымен өткен республикалық жаттығу акциясы. Оған өңіріміздің жоғарғы және арнаулы оқу орындары, спорттық ұйымдар үлес қосты.
Универсиада – әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылы Брюссельде халықаралық университеттік спорт федерациясында өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданған. 2015 жылдың 15 ақпанында Испанияның Гранада қаласында Алматы универсиада туын салтанатты түрде қабылдап алды. Бұйырса, XXVIII қысқы дүниежүзілік универсиада 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен «Ақжайық» стадионында өткен акцияға 500-ге тарта оқушылар мен студенттер, спорт шеберлері қатысты. Рио де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарының қатысушысы Алексей Дергунов оралдық жастарды аталмыш акцияны қолдауға шақырды.
-Елімізге әлемнің әр түкпірінен спортшылар жиналатын күн таяу. Біз оларға өз қонақжайлылығымзды көрсетіп, ойындардың әсерлі әрі ұмытылмастай болуына үлес қосуымыз керек. Бұл додада еліміздің намысын 220 атлет қорғайды. Оларға да демеу беріп, осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қолдауымыз керек, – деді А.Дергунов.
Ертеңгілік акциядан оқу орындары да шет қалған жоқ. Таңертеңгі 8.00-ден Д.Нұрпейісова көшесінің бойына сапқа тұрған Орал гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен 350 студенті бір ауыздан универсиадаға қолдау көрсететіндерін және ақпараттық насихат жұмыстарына атсалысатындарын білдірді.
– «Универсиаданың басталуына 100 күн қалды» жобасы аясында колледжде «Қазақстанның болашағы – дені сау жастар қолында» айдарымен жұмыс жоспары құрылды. Бұл ретте түрлі таныстырылмдар, тәрбие сағаттары өтеді. Рио олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Е.Ларионовамен кездесу, дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен түрлі спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда, – деді колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Фарида Мақашева.
Айта кету керек, универсиадаға халықаралық университеттік спорт федерациясына кіретін 50 елден 5 мыңнан аса студент қатысады деп күтілуде. 10 күнге созылатын байрақты бәсекеде спорттың 13 түрі бойынша жүлделер сарапқа салынбақ. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, өңіріміздің шорт-трекшілері де қатысады. Ал әзірге команда жасақталу үстінде.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу