8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1686 0
Спорт

«Қанатыңды кең серпі!»

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматыда бүкіләлемдік 28-ші қысқы универсиада өтеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта оңтүстік астанамызда дайындық жан-жақты жүргізілуде. Еліміздің әр түкпірінде универсиаданы қолдау шаралары ұйымдастырыла бастады.

Соның бірі – 24 қыркүйекте универсиадаға 100 күн қалуына орай «Қанатыңды кең серпі» ұранымен өткен республикалық жаттығу акциясы. Оған өңіріміздің жоғарғы және арнаулы оқу орындары, спорттық ұйымдар үлес қосты.

Универсиада – әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылы Брюссельде халықаралық университеттік спорт федерациясында өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданған. 2015 жылдың 15 ақпанында Испанияның Гранада қаласында Алматы универсиада туын салтанатты түрде қабылдап алды. Бұйырса, XXVIII қысқы дүниежүзілік универсиада 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен «Ақжайық» стадионында өткен акцияға 500-ге тарта оқушылар мен студенттер, спорт шеберлері қатысты.  Рио де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарының қатысушысы Алексей Дергунов оралдық жастарды аталмыш акцияны қолдауға шақырды.

-Елімізге әлемнің әр түкпірінен спортшылар жиналатын күн таяу. Біз оларға өз қонақжайлылығымзды көрсетіп, ойындардың әсерлі әрі ұмытылмастай  болуына үлес қосуымыз керек. Бұл додада еліміздің намысын 220 атлет қорғайды. Оларға да демеу беріп, осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қолдауымыз керек, – деді А.Дергунов.

Ертеңгілік акциядан оқу орындары да шет қалған жоқ. Таңертеңгі 8.00-ден Д.Нұрпейісова көшесінің бойына сапқа тұрған Орал гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен 350 студенті бір ауыздан универсиадаға қолдау көрсететіндерін және ақпараттық насихат жұмыстарына атсалысатындарын білдірді.

– «Универсиаданың басталуына 100 күн қалды» жобасы аясында колледжде «Қазақстанның болашағы – дені сау жастар қолында» айдарымен жұмыс жоспары құрылды. Бұл ретте түрлі таныстырылмдар, тәрбие сағаттары өтеді. Рио олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Е.Ларионовамен кездесу, дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен түрлі спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда, – деді колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Фарида Мақашева.

Айта кету керек, универсиадаға халықаралық университеттік спорт федерациясына кіретін 50 елден 5 мыңнан аса студент қатысады деп күтілуде. 10 күнге созылатын байрақты бәсекеде спорттың 13 түрі бойынша жүлделер сарапқа салынбақ. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, өңіріміздің шорт-трекшілері де қатысады. Ал әзірге команда жасақталу үстінде.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
142 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
181 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
347 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
540 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
782 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
861 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
969 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
976 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1000 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1013 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1116 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1336 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1653 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1535 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1644 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1635 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1766 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1810 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1755 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1765 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»